Тексеру аппараты Павлодар өңірінде 2 мынан астам сәйкессіздікті анықтады

Жаңалықтар
03.06.2022, 12:05
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Теміржол көлігінің әртараптандырылған шаруашылығы ондаған мың шақырымға созылған алып конвейер іспеттес, оның үздіксіз және апатсыз жұмысы саланың барлық қызмет буындарының өзара үйлесімді жұмысын талап етеді. Өйткені, бұл – тасымалдау процесін жақсартудың негізгі критерийлерінің бірі.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ тасымал көлемінің 30%-дан астамын жүзеге асырып отырған бір ғана Павлодар өңірін алайық. Теміржол көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру процесін жүргізіп отырған аймақ теміржолшыларының қатарында қозғалыс қауіпсіздігінің жай-күйін бақылауда ұстап отырған Тәңірберген Құсайынов басқаратын бес адамнан тұратын тексеру аппаратының жұмысы да аса маңызды. Ағымдағы жылдың өзінде қауіпсіздікті ықтимал бұзушылықтардың алдын алу мақсатында тексеру аппараты жұмыс өндірісінің технологиялық процестері талаптарының, пойызды жүргізу ережелерінің, инфрақұрылым құрылғыларының, техникалық құралдар мен жылжымалы құрамның күтіп ұсталуы және пайдаланылуы тұрғысынан 200-ге жуық тексеру жүргізді. Нәтижесінде 2000-нан астам сәйкессіздік анықталып, бірқатар нысандар мен жылжымалы құрамның пайдалану процесіне тыйым салынып, жылдамдыққа шектеу енгізілді. Осылайша, тексеру аппаратының алдын алу жұмыс- тарының арқасында бөлімшеде сан мәрте қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуына жол берілген жоқ. 

– Жаз басталды. Бұл тамаша кезең болуымен қатар, қауіптілігі жоғары аймақ – теміржолдың балалардың көп уақытын өткізетін орнына да айналып отырғанын айтқымыз келеді. Сондықтан адамдарды теміржол- да қауіпсіздік ережесін сақтауға, қырағы болуға шақырамыз. Кейбіреулердің жақындап келе жатқан пойыздың дыбысы мен машинистің сигналдарын ести бермейтіні алаңдатады, өйткені бұл уақытта олар телефонмен сөйлесіп немесе құлаққапта музыка тыңдап, қырағылықты жоғалтады. Адамдардың ішімдік ішіп алып жол бойында жүруі немесе өздерін пойыз астына тастауы да көкейкесті мәселе. Тексеру аппараты қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету процедураларын бақылауда ұстауға барлық күш-жігерін салады, – дейді Тәңірберген Құсайынов.

 

Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды