Оңтүстіктегі ахуал сақтық шаларарына баса мән беруді талап етеді

Жаңалықтар
03.06.2022, 13:26
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Еліміздің оңтүстігі – халықтың тығыз орналасқан және малды көп ұстайтын аймақ. Теміржолға жақын орналасқан ауыл халқының негізгі күнкөрісі де осы қорадағы ірілі-ұсақты төрт түлігі.

Оңтүстіктің ауа-райы жаз кезінде өте ыстық болған соң, көк тез қурап сарғаяды. Сол кезде қараусыз жүрген мал теміржол маңына қарай ойыса бастайды. Көктемнен бері малдың аузы тимеген теміржол қоршауының ішіндегі жап-жасыл шөп төрт түлікті «мен мұндалап» шақырып тұратын болса керек.

Түркістан облысының бес ауданы арқылы өтетін теміржолдың күтімін жасауға жауапты Арыс жол дистанциясының мамандары, тұрғындардың және теміржолшылардың ары-бері өтуіне арналған өткелдер адамдардың салғырттығынан көбінде ашық қалатынын, сол тұстан қараусыз мал теміржол қоршауының ішіне еніп кететінін айтып отыр. Ал жолшылар машинистерден, станция кезекшілері немесе жол диспетчерінен жол бойында мал жүргені туралы хабарды алған бойда сол жерге асығады екен. «Теміржолшылар адамдардан арлы-берлі өтуге арналған өтпелерді жауып жүруді және мал иелерінен малды қараусыз, бағусыз қалдырмауды сұрап, түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізіп келеді. Соған қарамастан, нәтиже шамалы. Жыл басталған бес ай ішінде мал басу оқиғасы 9 рет тіркеліп және бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда бірнеше оқиғаға артқан. Ең сорақысы, адамдардың пойыз астына түсіп қалу оқиғаларының да жиілеуі алаңдатып отыр. «Сақтықта қорлық жоқ» деген, теміржолдан ары-беру өтуге тек белгіленген жерлерден ғана өтіп, қауіпсіздік ережесін сақтап жүрсе, қайғылы жағдайлар орын алмас еді ғой» дейді Арыс жол дистанциясы өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы Бақытжан Сарыпбеков.

Бөгде адамдардың теміржол бойында жүруі салдарынан биылғы жылы 2 рет жедел тежеу орын алса, соңғы бес жылда адам басу оқиғасы 8 рет тіркелген...

Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды