Қарағандыда вагон-дөңгелек жөндеу шеберханасы ашылды

Жаңалықтар
12.07.2022, 11:56
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Қамқор Менеджмент» көпсалалы холдингі тапсырмасына орай «Қамқор вагон» ЖШС-нің 2021-2025 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары шеңберінде Қарағанды вагон жөндеу депосы базасында вагон-дөңгелек жөндеу шеберханасы ашылды.

«Бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін орталық өңірдегі алғашқы вагон-дөңгелек жөндеу шеберханасының қуаттылығына келсек, ол жылына 3000 дөңгелекті құрайды. Кәсіпорын мамандарының айтуынша, бұл орталық аймақтағы тапсырыс берушілердің қажеттілігін қанағаттандырып, көлік шығынын төмендете түспек. Оның үстіне, «Қарағанды вагон жөндеу депосы» филиалының қызмет номенклатурасының кеңейе түсуі қосымша жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. 

Вагон-дөңгелек шеберханасын ұйымдастыру барысында «Үнемді өндіріс» бағдарламасына сәйкес жұмыс орнын механикаландырумен қосарлы әрекет ететін заманауи пресс жабдығы, өлшеу және бұзбай бақылау құралдары, сондай-ақ, сандық бағдарламамен басқарылатын станок жабдығы орнатылды. Сонымен қатар өндірістік персонал оқытылып, жұмыс істеуге даярланды. Ал құзыретті комиссия дөңгелек жұптарының тәжірибелік үлгілерін қабылдап алып, таңбалаудың шартты нөмірінің қолданысын кеңейтуге куәлік алды. Аталған шеберхана РУ-1Ш типті жүк вагондарының дөңгелек жұптарын жөндеумен қатар, жүк көтергіштігі жоғары РВ2Ш типті, РУ-1 және РУ-1Ш типті дөңгелек жұптарына күрделі жөндеу жүргізеді.

Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды