Үздік вагон қараушылар анықталды

Жаңалықтар
02.08.2022, 10:40
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Үстіміздегі жылдың 29 шілдесі күні Астана вагон пайдалану депосында «Кәсібі бойынша үздік» байқауы өтті. Вагон қараушылар арасында өткен дәстүрлі сайысқа жиырмадан астам маман қатысып, үздіктер анықталды.

– Бұл байқаудың мақсаты – жұмысшылардың білім деңгейін көтеруге деген белсенділігін арттыру, вагоншылардың логикалық ойлау жүйесін кеңейтіп, жауапкершілікті сезінуге, зейінді болуға, ұжымда жұмыс істей білуге тәрбиелеу. Яғни, бұл сайыс – адамның дамуына, оның дағдыларын жетілдіруге күшті ынталандыру болып табылатын конкурстық бағдарламалар бойынша жарыс, – дейді Астана вагон пайдалану депосының өндірістік оқыту жөніндегі шебері Азамат Қабиев. 

Байқау қатысушыларға жарыстың шарттарын және қауіпсіздік ережелерін таныстырған нұсқаулықтан басталды. Жарыс үш кезеңді қамтыды. Бірінші кезең вагон қараушылар күнделікті жұмыс барысында орындайтын қызметтік міндеттерін қамтыған, 20 сұрақтан тұратын теориялық білім тестілеріне белгілі бір уақыт шегінде жауап беруі тиіс. Тест жауаптары балдық жүйемен бағаланды. Мәселен, 15-20 дұрыс жауапқа – 5 балл, 10-15 дұрыс жауапқа – 3 балл, 5-10 дұрыс жауапқа 1 балл белгіленді. Екінші кезеңде қатысушылар автотіркеме механизмін бөлшектеп және қайта жинауы қажет болды. Бұл шарт бойынша сапа мен жылдамдыққа, яғни уақытқа басымдық берілді. Кім сапалы және жылдам жинайтын болса, соның асығы алшысынан түседі. Мәселен, автотіркемені шашып қайта жинауға 30-35 секунд жұмсаған адамға ең жоғары 5 балл берілсе, ең төменгі 51 және одан көп уақыт жұмсағандарға 1 балл қарастырылған екен. Үшінші кезеңде қатысушылар вагондағы ақаулықты тез тауып, кәсіби біліктіліктерін көрсетуі шарт болды. Және кім аз уақытта көп ақау тапса, жеңіске бір табан жақындай түспек. Әрбір анықталған ақауға 1 балдан берілді. 

Сонымен жарыстың аты жарыс, шын мәнінде кәсібі бойынша нағыз үздіктерді анықтаған сайыста бірінші орынды Ғазиз Мұхамеджанов, екінші орынды Алтынбек Кемелов жеңіп алса, үшінші орынды Төребай Жеңісбек еншіледі. Ал теориялық білім бойынша жиырма сұраққа да дұрыс жауап берген Жұматай Сахариев «Теориялық білім бойынша үздік» деп танылды. Автотіркеме құрылғысын шашып, қайта жинауда көз ілеспес шапшаңдығымен (20 секунд) және сапалы жұмысымен Сәкен Жұмабай топ жарып, «Автотір- кемені бөлшектеп және жинау бойынша үздік» деп танылды. Байқау жеңімпаздары депо басшылығы мен кәсіподақ комитеті тарапынан ақшалай және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды