Пойыз бен темір жол жайлы қызықты 10 дерек

Жаңалықтар
27.10.2022, 11:42
Оқуға 3 мин

Темір жолдың пайда болуы 18 ғасырдың екінші жартысында өнеркәсіп саласы үшін үлкен серпіліс болды десек артық емес. Дәл сол кезде ғылым  мен техника данышпандары бумен жүретін машинаны адамзатқа паш етті. Деседе алғашқы мұндай машиналарға адамдар үрке қарады. Өйткені жүрген кезде оның дыбысы өте қатты шығатын еді, оған қоса газ бен түтінді бұдақтатып көп шығаратын.  Бірақ уақыт бәрін өз орнына қойды, қазір пойыз адамдардың басты көлігіне айналды десек болады.

Әлемде алғаш пойыз пайда болғанда адамдардың оны қалай қабылдағаны жайлы шетелдік басылымдарда көп жарияланды. Солардың ішінен қызықты деген естеліктерді назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік.

1. Алғашқы пойызға адамдардың отырмай қашқаны жайлы көп айтылады. «Бұл шайтанның ісі» деп санаған олар қарапайым вагонға кіруден бас тартқан екен. Жолаушылар легін көптеп  тарту үшін тіптен тегін билет таратқан кездер де болыпты.

2. Алғашқы пойыздардың жылдамдығы өте төмен болды, сағатына 30 шақырым жылдамдықпен жүрген. Ал, қазір бір сағатта 580 шақырым жол жүре алатын жүрдек пойыздар бар.

3. Бастапқыда «үшінші классты» вагондардың төбесі ашық болған екен. Бұл жаңбырлы күні өте қолайсыз болған.  

4. Қазір пойыз ұзақ жол жүретіндер үшін ыңғайлы әрі қауіпсіз көлік болып отыр. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, пойызбен саяхаттау автокөлікке қарағанда 45 есе қауіпсіз екен.  

5. Әлемдегі ең ұзын темір жол Транссібір магистралі (Мәскеу- Владивосток). Бұл теміржол желісінің ұзақтығы 9 438 шақырымға созылған. Теміржол желісінің қақ ортасында «Половина» атты станция бар.  

6. 1910 жылы Францияда платформада сүйісуге тыйым салатын заң қабылданады. Ғашықтардың ұзақ қоштасуына байланысты теміржолшылар пойыздардың жүруін кешіктіруге мәжбүр болып, шығынға ұшыраған екен.

7. Бірде Огайо штатында қайғылы оқиға болып, пойыз кемемен соқтығысады. Мұндай «көлікаралық» апат су тасқыны салдарынан болған, нәтижесінде рельстер 1 метрден астам су астында қалады. Шамасы, пойыздың машинисті батыл болса керек, туындаған кедергіге қарамастан пойызды тоқтатуды жөн санамапты. Ал, паровоз жүргізушісі пойыздың үстіне шығып кетем деп күтпеген секілді.  

8. Кейбір теміржолшылар музыканы түйсігімен ұғына білетін қабілетінің арқасында нанын тауып жүр. Бұл жолдарды аралап қараушылар. Олардың міндеттеріне дөңгелектерді түрткілеп, дыбысын тексеру кіреді. Механизмдердің жұмысқа жарамдылығы тек шығатын дыбыстың үнімен тексеріледі.

9. Бір кездері АҚШ-та зымыранның қозғалтқышы мен жүретін локомотивтің тәжірибелік жобасы әзірленеді. Ол сағатына 9 мың шақырым жылдамдықпен жүруді еңсерген. Дегенмен, мұның теріс жағы да бар, шамадан тыс жүктеме адам ағзасына зиянды көрінеді.

10. Әлемдегі ең ұзын жүк пойызы бірде Австралияның темір жолымен жүріп өтеді. 682 вагоннан тұратын бұл пойыздың  ұзындығы 7 шақырымға дейін созылған. Оны орнынан қозғау үшін 8 тепловоз жұмылдырылған екен.  

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті