Болашақ теміржолшылармен кездесу өтті

Жаңалықтар
29.11.2022, 09:49
Ерман Әбдиев

Тараз қаласы бойынша меншікті тілші

«Әлеуметтік серіктестік» жобасы аясында Жамбыл өңіріндегі теміржол мекемелері орта кәсіптік білім беру жүйесінде білім алып жүрген мамандардың тәжірибеден өтуіне және олардың жұмыспен қамтылуына жақсы жағдай жасап отыр.

2022-2023 оқу жылында Тараз темір жол көлігі және коммуникация колледжі «Темір жолдың жылжымалы тартқыш құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету» және «Дәнекерлеу ісі» бойынша теміржол кәсіпорындарымен 115 үшжақты келісім жасаған. Олардың қатарында «Жамбыл ЖТ бөлімшесі», Жамбыл белгі беру және байланыс дистанциясы, «Қамқор локомотив» ЖШС филиалы – Тараз локомотив жөндеу депосы, «ЖамбылРемСервис» ЖШС сынды ірі кәсіпорындар бар.  

Жақында колледжде «Жұмыс беруші күні» өтіп, оған кәсіпорындардың өкілдері қатысты. Жиында колледж директоры Ұлжан Кенжебаева орта кәсіптік-техникалық оқу орнының бүгінгі тыныс-тіршілігімен таныстырып өтті. Ол еліміздегі кәсіби-техникалық білім беру жүйесі ең бірінші кезекте техникалық мамандарға деген сұранысты қанағаттандыратынын атап өтті. Кездесуде «Жамбыл ЖТ бөлімшесі» кадрлар бөлімінің басшысы Меруерт Бейсенбекқызы бұл шараның маңыздылығын айта келе, Жамбыл бөлімшесі жас мамандарды қолдауда жүйелі жұмыстар жүргізіп отырғандығына тоқталды. Ал Жамбыл белгі беру және байланыс дистанциясының бас инженері Нұрғали Терлікбаев өз саласы бойынша мазмұнды әңгіме айтып, жас теміржолшылардың қызығушылық танытқан сұрақтарына жауап берді.  

Жиын соңында «Қамқор локомотив» ЖШС филиалы – Тараз локомотив жөндеу депосының директоры Ілияс Лесбаев ҚР Оқу ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтің Алғыс хатымен, өзге кәсіпорын басшылары аталған оқу орнының алғыс хаттарымен марапатталды.

 

Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды