Жамбыл облысында дауылдан кейінгі қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр

Жаңалықтар
13.01.2023, 09:43
Суретті түсірген автор
Ерман Әбдиев

Тараз қаласы бойынша меншікті тілші

Жыл басында Жамбыл жұртшылығын әбігерге түсірген дауыл кезінде Жаңатас станциясында электр бағаналары құлап, Табақбұлақ станциясында Жамбыл белгі беру және байланыс дистанциясына қарасты ғимараттың шатыры ұшып кеткен.

Жедел құрылған аудандық штабтың шешімімен мердігерлер анықталып, құлаған бағаналар жергілікті әкімдіктің көмегімен қалпына келтірілді. Ал Жамбыл – Жаңатас телімінде орналасқан шағын Табақбұлақ станциясындағы ғимараттың шатырын қалпына келтіруді дистанциялықтар өз мойнына алып, 4 күннің ішінде бітірді. Қаратау станциясындағы вокзал ғимаратына жапсарласа орналасқан ғимараттың да шатыры ұшқан еді. Бұл ғимаратта тауар кассирлері, жүк қабылдап-өткізушілер, т.б. отырады. Қалпына келтіру жұмысын аудан әкімдігі өз мойнына алды. Қаратау станциясы бастығының орынбасары Ғалымжан Сайлаубектің айтуынша, қазір мердігер компания жұмыс жүргізіп жатыр.  

– 7 қаңтар күні Қаратау қаласында штаб отырысын өткізген облыс әкімі бұл жұмыстар 16 қаңтарға дейін аяқталуы керектігін айтқан болатын. Амандық болса, сол мерзімде жұмыстар аяқталады, – дейді Ғалымжан Сайлаубек.  

Сонымен қатар Қаратау станциясындағы Жамбыл жол дистанциясына қарасты ғимараттың да шатыры ұшыпты, алайда жолшылар екі күннің ішінде оны өз күштерімен қайта жапты.  

Бүгінгі күні Жамбыл белгі беру және байланыс, жол дистанцияларының шатырларды жөндеуге кеткен құрылыс материалдарының шығынын өтеу үшін Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің басшылығы төтенше жағдайға орай құрылған облыстық штабқа шығын көлемін есептеп, хат жолдап отыр. Өйткені, нормативтік заңнамалар негізінде Төтенше жағдай жарияланған кезде резервтік қордан бөлінетін қаржы көздері арқылы шығынды өтеуге мүмкіндік бар.  

 

Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды