2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап «ҚТЖ-жүк тасымалы» ЖШС-нің өндірістік персоналдарына өндірістік жұмыстарды орындағаны үшін 10% көлемінде ай сайынғы сыйақы төленеді, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Өндіріс қызметкерлерінің еңбек өнімділігі мен еңбек тиімділігін арттыруда оларды ынталандыра түсу үшін қызметкерлерді ақшалай сыйақы қарастырылған. Бұл төлемдер жоспарлы тапсырмаларды адал орындауға, еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасын сақтауға жағдай жасайды.