Темір жолдағы ұрлық пен жат діни ағымның алдын алу мәселесі көтерілді

Жаңалықтар
03.02.2023, 10:42
Суретті түсірген автор
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Көкшетау локомотив айналым депосында бөлімше басшылығы мен депо қызметкерлері, локомотив бригадаларының және ЖІІБ өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті.

Ақмола жүк тасымалы бөлімшесінің бас инженері С.Т.Баржақсин жетекшілік еткен жиында үш маңызды мәселе күн тәртібіне шығарылды: теміржол көлігіне қатысты ұрлық-қарлықпен күрес, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету және деструктивті діни ағымдар мәселесі.  

Теміржол көлігіндегі ұрлық, мүлікті тонауға қарсы күрес мәселесі бойынша нақты фактілерді алға тарта отырып, соның ішінде Павлодар ЖТ бөлімшесінде жанар-жағармай отынын локомотив бригадаларының ұрлағаны жөнінде Көкшетау станциясындағы желілік полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Ерлан Рахимов баяндап берді. Ал Желілік полиция бөлімі бастығының орынбасары Марат Сәдуақасов көліктегі құқықбұзушылықпен күрес бағытындағы профилактикалық шаралар туралы айтып, жиынға қатысушыларды заңбұзушылыққа нөлдік төзімділік танытуға, сенім телефонына хабарласып, немқұрайлық танытпауға шақырды. Сондай-ақ ол қатысушылардың түрлі сұрақтарына да жауап берді.  

Ақмола ЖТ бөлімшесінің бас инженері С.Баржақсин бөлімшеге қарасты кәсіпорындардағы әлеуметтік тұрақтылық мәселесіне тоқталды. Теміржолшылардың жалақысының өткен жылғы өсу деңгейі, биылғы болжам, яғни биыл құрылымдық бөлімшелерде еңбекақы 1 наурыздан бастап өседі деп күтілуде екенін атап өтті. Сондай-ақ Ұжымдық шартқа сәйкес әлеуметтік жеңілдіктер де назардан тыс қалмады.  

Жиында деструктивті діни ағымдар мәселесіне және өмірдің шынайы құндылықтарына қатысты ЦАРМО КГУ-дың дінтанушы маманы Сәния Манатова көлемді мағлұмат берді. Көрнекті бейнематериалдар көрсетіліп, отбасында балалар тәрбиесіне көңіл бөліп, олардың әлеуметтік желілерді қолдануына мән беріп, қызығушылығын арттыру бойынша бірқатар ұсыныстар айтылды.  

Кеңес соңында Көкшетау айналым депосының бастығы Мұхтар Балғоженов ұйымдастырушылар мен қатысушыларға алғыс айтып, бүгінгі қозғалған мәселелердің қай-қайсысы да аса маңызды екенін жеткізді.  

 

Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды