Шойын жолдың майталман маманы марапатталды

Жаңалықтар
07.02.2023, 10:27
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Темір жолға бүкіл өмірін арнап, шойын жолдың майталман маманына айналған азаматтар аз емес. Олардың әрқайсысының еңбек жолы бір кітапқа жүк болады. Кешегі жастар бүгінде аға буынға айналды. Солардың бірі – Атырау станциясының бастығы Алтай Көбегеновті «Ел Құрметі» республикалық қоғамдық қоры «Теміржолға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапаттады.

Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің басшысы Аслан Базарғалиев ұжым алдында станция бастығын құттықтап, Қор атынан Алғыс хат пен төсбелгі табыс етті. Құрметті теміржолшы Алтай Көбегенов – пойыз құрастырушыдан бастап бөлімше басшылығы аралығындағы ұзақ та абыройлы жолдан өткен нағыз маман. Ерен еңбегінің арқасында мерейі талай рет үстем болып, ҚТЖ Құрмет тақтасына да ілінді.  

Ол Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын «Темір жол көлігін ұйымдастыру және басқару» мамандығы бойынша бітіріп, жолдамамен Атырауға келеді. Өзі теміржолшылар отбасынан шыққан, саламен жақсы таныс болса да пойыз құрастырушының көмекшісі болып бастап, Құлсары станциясында еңбек етті. Содан маневр, пойыз диспетчері, бас инженер, Мақатта станция бастығы қызметтерін абыроймен атқарып, Атырау жол бөлімшесі бастығының бірінші орынбасары болып та бірнеше жыл жұмыс істеді. 2005 жылы «Адал еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Мақат аудандық мәслихатының депутаты болып, теміржолшылардың әлеуметтік жағдайының жақсаруына да үлесін қосты.  

Алтай Азанқұлұлы басқаратын Атырау станциясы қашан да қоғамдық жұмыстардың бел ортасынан табылады. Мектептерге де қамқорлық жасап, аз қамтылған отбасыларға да жәрдемдеседі, теміржолшылардың тұрмыстық мәселелерін шешуге атсалысады.  

 

Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты