Қазақстан мен Өзбекстан теміржол байланысын нығайтуға мүдделі

Жаңалықтар
22.02.2023, 17:13
Оқуға 1 мин

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Саидикрам Ниязходжаевпен кездесті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Кездесу барысында көлік саласындағы жобалар, атап айтқанда «Дарбаза – Мақтаарал» және «Мазари-Шариф – Кабул – Пешавар» жаңа теміржол желілерінің құрылысы жан-жақты қаралды. Мәселен, Дарбаза стансасынан Мақтаарал стансасына дейінгі ұзындығы 106 шақырымдай желіні салуды көздейтін жобасын іске асыру «Сарыағаш» өткізу пунктіндегі жүктемені азайтып, жылына 10 млн тоннаға дейін қосымша жүк ағынын тартуға, сондай-ақ Түркістан облысының Мақтарал ауданын негізгі теміржол тармағымен байланыстыруға жол ашады.

Сонымен қатар келіссөздер қорытындысына сәйкес Марат Кәрімжанұлы мен Саидикрам Ниязходжаев екі ел арасындағы әуе рейстерін ұлғайту жолдарын қарастыруға келісті.

Қазір көршілес мемлекеттер арасында аптасына 20 рейс орындалып келе жатқанын айта кеткен орынды. Айталық, 5 рейс Астана – Ташкент, 14 рейс Алматы – Ташкент және 1 рейс Ақтау – Нукус бағытында жүзеге асырылуда.

 

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды