Атырауда кәсіподақ төрағасы сайланды

Жаңалықтар
24.02.2023, 10:02
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау жүк тасымалы бөлімшесінде бастауыш кәсіподақ ұйымының кезектен тыс есеп беру-қайта сайлау конференциясы өтті. Оған бөлімшеге қарасты мекемелерден барлығы 24 делегат қатысты.

Кәсіподақ төрағасы Н.Нұрышевтің баяндағанындай, бүгінде бөлімше кәсіподақ ұйымының құрамында 2374 мүшесі бар, олар 11 шеберхана комитеті мен 15 кәсіподақ тобына біріккен. 1121 зейнеткер тіркелген. Өзі төрағалық еткен 2020 жылдың тамызы мен 2023 жылдың ақпаны аралығында 61 отырыс өтіп, онда мәдени және спорттық іс-шараларды өткізу, қызметкерлер мен зейнеткерлердің әлеуметтік-экономикалық мәселелері талқыланған. Кәсіподақ мүшелері жалақысының 1 пайызы ай сайын ҚТЖ кәсіподақ орталық кеңсесіне аударылып, оның белгілі бір бөлігі Атырау жүк тасымалы бөлімшесі кәсіподақ ұйымының бюджет есебіне түсіп отырады да, кәсіподақ мүшелерінің еңбек шығындарының шығысына, мәдени-спорттық, тағы да басқа шараларға жұмсалады.  

Сөз болып отырған мерзімде осы шараларға 17 миллионға жуық қаражат жұмсалыпты. Оған қоса былтыр Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің 80 жылдығы мен кәсіподақтың 30 жылдығы аталып өтіп, оған да кәсіподақ тарапынан қомақты қаржы жұмсалған.  

Жиында сөз сөйлеген Мақат, Ганюшкино, Құлсары станцияларының цехкомдары, бюджет комиссиясының өкілдері кәсіподақ жұмысына қанағаттанарлық баға берді. Ал бөлімшенің кәсіподақ төрағасын сайлау бойынша екі үміткер дауысқа салынды. Олар – Атырау станциясының бас инженері Б.Жиенбетов пен Атырау локомотив пайдалану депосы кәсіподақ ұйымының жетекшісі Б.Хамиев болды. Нәтижесінде басым дауыспен Боранбай Хамиев Атырау жүк тасымалы бөлімшесі кәсіподақ ұйымының төрағасы болып сайланды. Ал Н.Нұрышев өз өтінішімен басқа жұмысқа ауысты.

 

Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты