ҚТЖ-да қызметкерлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Rail-news.kz.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметкерлерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан жоспарлы жұмыс шеңберінде Компания басқармасы бірқатар шешімдер қабылдады:
- осы жылдың 1 наурызынан бастап еңбекақы төлеудің тарифтік жүйесіндегі желілік кәсіпорындардың қызметкерлері үшін жалақыны 15% қосымша арттыру;
- 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай компания әйелдеріне 8 АЕК мөлшерінде біржолғы сыйлықақы төлеу;
- Наурыз мейрамына 1 ЕТЖМ біржолғы сыйақы төлеу.
Сыйақыларды төлеу мереке қарсаңында жүзеге асырылады.