Даңқты теміржолшының немерелері Ресейден арнайы келді

Жаңалықтар
07.03.2023, 09:28
Суретті түсірген автор
Ерман Әбдиев

Тараз қаласы бойынша меншікті тілші

Тараз көлік және коммуникация колледжіне осы кәсіптік оқу орнының түлегі, даңқты теміржолшы болған Сергей Египконың немерелері Ресейдің Самара қаласынан арнайы келіп, қонақ болды.

Сергей Египконың немерелері Елена мен Сергей аталарының еңбек жолымен танысып, балалық шақтарында аталарына қонаққа келгенде өздері куә болған қызықты оқиғаларды еске алды.  

Сергей Египко – паровоз машинисі мамандығы бойынша 1936 жылғы ФЗУ мектебінің түлегі. 1941 жылы майданға аттанып соғысқа қатысады. Ал 1946 жылдан бастап ЖУ-1-де оқу-өндіріс шебері, № 88 қалалық кәсіптік техникалық училищесінде аға шебері болып жұмыс істеді. Ұлы Отан соғысының ардагері, ҚазССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған, ҚазССР-нің «Кәсіптік білім беру саласының үздігі» атанған тәлімгер.  

Сол кездегі училищеде шығармашылық үйірмесіне жетекшілік еткен Сергей Яковлевич шәкірттерімен бірлесе отырып, Ұлы Отан соғысының 40 жылдығына орай металл бұйымның бетіне Ұлы Отан соғысының жауынгері бейнеленген ескерткіш жасаған. Қазіргі таңда бұл шығармашылық жұмыс колледждің мұражайында орын алған.  

Сондай-ақ, Сергей Яковлевичтің ұлы Константин да әкесі оқыған, қызмет еткен оқу орнында суретші болып жұмыс істеген. Немересі Елена Константиновнаны әкесінің де өткен өмір жолы қызықтырып, салған суреттерімен қауышуда. Ресейден келген жас саяхатшылармен кездескен колледж ұжымы олардың сапарына қолдау білдіріп, сәттілік тіледі.  

 

Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды