40 жылдай ғұмырын теміржолға арнаған маман

Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясында пойыздардың қозғалыс кестесін сапалы әзірлеп, тартымдық есеп айырысулар мен пойыздарды құрастыруды жоспарлау ісімен айналысатын аса маңызды құрылымдық бөлімше бар. Міне, осы бөлімшені Гүлнәр Таласпаева басқарады.

Гүлнәр Жәукенқызы – білікті басшы, тәжірибелі тәлімгер маман. Отыз сегіз жыл ғұмырын теміржолға арнаған кейіпкерімізді осы саланың «отымен кіріп, күлімен шыққан» десе болады. Өз міндетін аса жауапкершілікпен атқаратын Гүлнәр ханымның қағидасы жинақылық, тазалық, тәртіп екен. Мұны біз Гүлнәр Таласпаеваның жұмыс бөлмесіне кіргенімізде де байқадық. Қат-қат құжаттар «қыздың жиған жүгіндей» қаттаулы тұр. Жайқалып өсіп тұрған бөлме гүлдері жанға жайлы жылулық сыйлайды. Жәукенқызы қарамағындағы 35 қызметкеріне ғана емес, өзіне де талапшыл жан. Ол үшін жұмысқа қатысты мәселенің үлкен-кішісі жоқ. Бәрі де жіті назарда, бақылауға алынған. Әсіресе, стандартты емес өндірістік мәселелерді шешуде аса мұқият. Жалпы, кейіпкерімізді өзгелерден ерекшелендіретін қасиеті – оның алға қойған міндеттерді орындау жұмыстарын шапшаң және сапалы ұйымдастыруы. Бұл жағдайда оған әрдайым кәсіби деңгейін арттырып отыратын қабілеті көмекке келеді.  

Гүлнәр Жәукенқызы Алматыдағы теміржол көлігі институтын «Теміржол көлігінде тасымалдау процестерін басқару» мамандығы бойынша бітіріп, еңбек жолын 1984 жылы Семей станциясында станция кезекшісі болып бастайды. Алғыр да сауатты қыз екі жылдың ішінде келешегінен үлкен үміт күттірген маманның біріне айналады. Сосын пойыз диспетчері болып тәжірибе жинақтап, Семей жол бөлімшесі бастығының техникалық жұмыс бөлімі бойынша орынбасары болып тағайындалады. Әрі қарай Алматы теміржолына қарасты Семей бөлімшесі бастығының АСУ бойынша орынбасары, Семей жол бөлімшесінің шұғыл-тарату бөлімінің бастығы сынды жауапты лауазымдарда қызмет атқарады. Кейін ҚТЖ орталық аппаратқа ауысып, 2013 жылдан тасымалдау процесін үйлестіру басқармасына басшылық етеді. 2018 жылдан бастап «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Қозғалыс кестесін әзірлеу департаментінің директоры қызметінде.  

Оның жұмысының нәтижесі ретінде, барлық ықпал етуші факторларды ескере отырып жүк, контейнерлік және жолаушылар пойыздарының қозғалысын оңтайландыруды және бөлім мамандарының біліктілігі мен білім деңгейін тұрақты түрде арттырып отыруды атар едік. Темір жол көлігі саласындағы жұмыс барысында Гүлнәр Таласпаева ЦСЖТ, ОСЖД уәкілетті өкілдерінің және Қытай, Беларусь, Германия, Қазақстан, Моңғолия, Польша теміржолдары арасындағы Қытай – Еуропа қатынасында контейнерлік пойыздармен тасымалдау бойынша Бірлескен жұмыс тобының тасымалдауды және маркетингін ұйымдастыру бойынша сарапшылар тобының отырысына қатысып, төрағалық етуде. Онда ол «ҚТЖ» ҰК» АҚ мүддесін қорғап келеді. Жезқазған – Сексеуіл, Шалқар – Бейнеу, Арқалық – Шұбаркөл жаңа теміржол желілерін пайдалануға беруге қатысып, Алматы – Шу екінші жолдарының және жаңа шекаралық Алтынкөл және Болашақ станцияларының салынуына белсене атсалысты.  

Ал бүгінде сол еңбектер өз жемісін беруде, әсіресе жаңа мемлекетаралық өткелдер мен желілердің бойындағы ең қысқа бағыт бойынша пойыздар мен вагондарды бағдарлау міндеттері ойдағыдай орындалды. Мұнда майталман маман Гүлнәр Жәукенқызының еңбегі ерекше.

Қазіргі уақытта желілік «тар» жерлерді жойып, дамытуға, оның ішінде Достық-Мойынты учаскесіндегі екінші жолдардың құрылысына, Алтынкөл – Жетіген учаскесіндегі Rail TMS жобасына, Тобыл – Қандыағаш учаскесін игеруге және басқа да жобаларға белсенді қатысып, сонымен қатар бірнеше трансформациялау жұмыс тобының мүшесі болып отыр. Кейіпкеріміздің қоржынында «Құрметті теміржолшы» төсбелгісімен қатар ОСЖД-ның 65 жылдығына орай оның дамуына қосқан үлесі үшін берілген Құрмет грамотасы мен дипломы және «Адал еңбегі үшін» төсбелгісі, мерейтойлық медальдар бар.  

 

Жолаушылар тасымалы
10.07.2026
Ұлттық тасымалдаушы Алматы бағытында миллионға жуық жолаушы тасымалдады
Аймақтар
10.07.2026
Теміртау вокзалында жолаушылар платформасын жаңғырту жұмыстары аяқталды
Аймақтар
10.07.2026
Құсмұрын станциясында "Қауіпсіз өткел" акциясы өтті
Жүк тасымалы
10.07.2026
Вагон өндірісінен экспортқа дейін: «Қазтеміртранс» жоспары
Сұхбат
10.07.2026
Жүк тасымалы – экономиканың сенімді даму бағыты
ҚТЖ келбеті
10.07.2026
Сайөтесте вагон қараушы апатқа жол бермеді
Жаңалықтар
10.07.2026
ҚТЖ-да жас мамандарға арналған тәлімгерлік жүйе қайта жандануда
Қауіпсіздік
10.07.2026
Өткелден өтудің өз ережесі бар
Жаңалықтар
10.07.2026
Қазақстанның транзиттік әлеуеті халықаралық деректі фильмде көрсетілді
Қауіпсіздік
10.07.2026
Қауіпті аймақта қатер көп...
Жаңалықтар / Мұрағат
10.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №52 10 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
09.07.2026
ҚТЖ теміржол бағыттамаларын жоспарлы түрде жаңартып жатыр
Әлемде
09.07.2026
Ұлыбританияда алғашқы экологиялық таза вокзал ашылды
Жүк тасымалы
09.07.2026
Қысқа дайындық: ҚТЖ көмір тасымалдайтын вагондарды жаппай әзірлеуде
Жаңалықтар
09.07.2026
Елімізде астық экспорты 13%-ға артты
Аймақтар
09.07.2026
«Сарыағаш» теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары тамыз айында аяқталады
Жаңалықтар
09.07.2026
ҚТЖ паркі маусым айында 50 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.07.2026
Алматы-1 теміржол вокзалын қайта құруға 500-ден астам жұмысшы тартылды
Әлемде
08.07.2026
Армения Түркия және Әзербайжан шекараларына апаратын теміржол желілерін қалпына келтіре бастады
Жаңалықтар
08.07.2026
Тәртіп сақшылары балаларды теміржол бойында абай болуға шақырды

Басқа да жаңалықтар