Теміржолшылар музейінде сурет аймағы ашылды

Жаңалықтар
07.03.2023, 11:35
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бас ғимаратындағы Теміржолшылардың орталық музейінде жаңадан суретке түсу аймағы пайда болды. Бұл аймақтан орын тапқан дүниенің бірі – 80 жылдық тарихы бар орындық.

Қабырғада сонау бір жылдары теміржолшыларға үзіліссіз қызмет етіп, дамыл таппаған қабырға телефонын көруге болады. Кім білген, кезінде бұл сұр телефон талай апаттың алдын алуға, пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтауға, басқа да шұғыл мәселелерді шешуге септігін тигізген шығар. Ал оның жанында ілінген балға вагон қараушыларға талай ақауды анықтауға көмектескені анық. Бұл екеуінен жоғары орналасқан белгі беру құралы, қол шам сынды құралдар да өткен күндер шежіресінен сыр шертеді. Ал орындық жанында тұрған жез қоңырау бар құпиясын бойына жиып, маңғаз тұр.  

– Бұл қоңырау Түрксіб теміржолы салынғанда қызмет еткен, осы мұражай ашылғанда Құрметті теміржолшы Асқар Сәрсембековтің атсалысуымен Көксу станциясынан әкелінді. Сексен жыл болған мына орындық та сол кісінің қолдауымен келген болатын. Бұл орындықтың не кереметі бар дейтін болсаңыз, ол тұнып тұрған тарих. Кезінде басшылар қазіргідей шалқайып, көтеріліп, түсірілетін жұмсақ креслода емес, осындай қатты орындықта отыратын болған. Кезінде кімдер отырмады дейсіз бұл орындыққа, – деді сурет аймағының ашылу салтанатында сөз сөйлеген Орталық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, Құрметті теміржолшы Берік Айтбеков.  

 

Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды