Әлемді тербеткен әйелдерге әдемі тілектер айтылды

Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «ҚТЖ» ҰК» АҚ орталық ғимаратын қызыл-жасылды, сары-көк жауқазын гүлдер жаулап алғандай еді. Қыз-келіншектер шетінен сұлу, жүздері жарқын, көңілдері көтеріңкі, әрқайсысының қолында қызғалдақ, раушан гүлдері.  

Гүлді гүл құшақтап бара жатқандай әсерлі. Теміржолшы жігіттер өздерімен иық тіресе, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара жұмыс істеп жүрген әріптес нәзік жан иелерін таңнан бастап құттықтауға кірісіп кеткен. Кіре берісте гүлмен қарсы алып, тәтті шоколодтар ұсынып, ізгі тілектерін жеткізіп бәйек болуда.  

Бұл күні «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің азаматтары да жүк тасымалын ұйымдастыру шаруасын дөңгелетіп жүрген әріптес қыз-келіншектерін төл мерекелерімен құттықтады.

Салтанатты шарада Досбол Күлекеев, Нұржан Келбұғанов, Мұхтар Жамбылов, Әділжан Есмұханбетов сынды «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің топ-менеджерлері және кәсіподақ ұйымының төрағасы Ермек Төлегенов сөз алып, еліміздің теміржол магистралында жүк тасымалын ұйымдастырып, пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, тағысын тағы қызметтердің тізгінін алған қыз-келіншектерге ақжарма тілектерін жаудырды.  

Өндірісте жауапты жұмысты атқарып, басшылық қызметті де қатар алып жүрген әйелдердің үйде қамқоршы ана, аяулы әпке, асыл жар екенін айтып, арулардың адамзат әлемінде орны ерекше екенін ерлер мазмұнды сөзбен, әдемі тілмен жеткізді.  

«Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербететін»  әйелдерге Отан Ана, Жер Ана сияқты қасиетті ұғымдарды теңеу бекер емес. Сұлулық та, жылулық та, мейірім мен ізгілік те әйелдер бойынан табылған. Сіздерді бүгінгі төл мерекелеріңізбен құттықтап, дендеріңе саулық, отбасыларыңа амандық, еңбектеріңе жеміс тілейміз! Сіздер барда теміржолдың жұмысы ілгерілеп, өркендеп, өрістей беретініне сенімдіміз, – деп ізгі тілектерін білдірді құттықтаушы азаматтар.  

Құттықтау лебіздер қыз-келіншектерге грамоталар мен алғыс хаттар, сертификаттар мен гүл шоқтарын және де тәтті торттар тартумен жалғасты. Салтанатты ресми шарадан соң «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС ұжымының қыз-келіншектеріне арналған тамаша концерт болып, онда ән-жырдан шашу шашылды.  

Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн

Басқа да жаңалықтар