Болашақ – контейнерлік тасымалда

Жаңалықтар
17.03.2023, 09:09
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Жүк тасымалындағы басты критерий: жылдамдық, сенімділік және қауіпсіздік. Ал оны қамтамасыз ететін – контейнерлік тасымалдау. Қазақстандық жүк жөнелтушілер контейнерлік тасымалдаудың артықшылықтарын осылай жоғары бағалап, болашақ контейнерлік тасымалда деп санайды.

Қазір жүкті контейнермен тасымалдау көлемі артып келеді. Былтырдың өзінде ҚТЖ желісі бойынша тасымалданатын экспорттық жүктердің жалпы көлеміндегі контейнерлік тасымалдың үлесі 4,4%-ті (3,5 млн тонна) құраған.  

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның логистика жөніндегі басқарушы директоры Ерлан Қойшыбаев, контейнерлендіру – теміржол логистикасының ең перспективалы және сонымен бірге ең күрделі аспектісі. Сондай-ақ, әлемдегі эпидемиялар мен геосаяси дағдарыстарға қарамастан бірқалыпты жұмыс істей алатын жылдам, сенімді көлік түрі екенін айтады.  

Қазіргі таңда мұнай өнімдері, тыңайтқыштар, түсті рудалар, құрылыс жүктері, қара металдар сияқты басқа да жүк түрлері бойынша экспорттық тасымалдардағы контейнерлік тасымалдау көлемінің артып келе жатқаны байқалады. Мәселен, өткен жылы контейнердегі экспорт көлемі 30 пайызға өскен. Оның ішінде астық өнімдері бар 49 мыңнан астам ЖФЭ шетелдерге шығарылған. Бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 4,2 есеге жоғары болып отыр. Жүк Қытайдың Алашанькоу, Үрімші, Сиань, Чунцин станцияларына, сондай-ақ Tранскаспийлік халықаралық көлік бағдары арқылы Түркияның Мерсин порты бағытына жөнелтілді.  

Сонымен қатар экспортқа бағытталған контейнердегі мұнай өнімдері 14,4 есеге, ұнтақтау өнімдері (кебек, құрама жем, бидай ұны) 6,3 есеге артқан. Жүктің басым бөлігі Қытайға жөнелтілді.  

Дәнді дақылдардан бөлек, басқа да көптеген номенклатуралар контейнермен жөнелтуге жарамды жүктерге жатады. Мысалы, өткен жылдың қараша айында Ydd Corporation Қарағанды ферроқорытпа зауытынан Түркияға ферросилиций тиелген пилоттық контейнерлік пойыз жөнелтілсе, тамыз айында Тәжікстанның алтын өндіру саласындағы ірі кәсіпорындардың бірі – «Зарафшон» БК ЖШҚ-дан Спитамен – Достық бағыты бойынша түсті металдар кені бар алғашқы контейнерлік пойыз жөнелтілген. Сондай-ақ Жітіқара станциясынан Вьетнамның Йен Вэ станциясына контейнерлерде «Қостанай минералдары» тау-кен өндіру компаниясының асбест өнімдері, флекситенктерде қазақстандық өсімдік майы Қытайдың Шанхай, Сиань және Нантун қалаларына тұрақты түрде жөнелтіліп келеді. Ал түсті металдарды – контейнерлерде TMTM арқылы Түркия мен Грузия бағытында жөнелту ұйымдастырылды.  

Бүгінгі таңда контейнерлік экспорттық жүктердің әлеуеті шамамен 22 млн тоннаны немесе тасымалданатын экспорттық жүктердің жалпы көлемінің 28 пайызын құрап отыр.

 

Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды