Этно-ауыл: Жеті үй – жеті қазына

Жаңалықтар
28.03.2023, 10:17
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Биыл теміржолшылар Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін Ұлы даланың ұлттық мәдениетін, әдет-ғұрпы мен дәстүрін насихаттаумен ұштастырды. Астананың «Нұрлы жол» теміржол вокзалы алаңында қаз-қатар жеті киіз үй тігілді.

Жеті киіз үй көшпенділер ғұмырын кешкен қазақтың жеті қазынасына арналған. Халық жеті қазына адам өмірінің жеті құрамдас бөлігі: ақылды жар, жүйрік ат, аңшы бүркіт, адал ит, мылтық, қақпан, қазан деп білген. Міне, осы ұғым-пайымды жаңғыртып, өскелең ұрпаққа насихаттау бағытында бой көтерген этно-ауылда ақшаңқан үй иелері қонақтарға қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлерін дәріптеді.  

Мәселен, киіз үйлердің бірінде көшпенділер өміріндегі қысқы аңшылықтың ерекшеліктері көрсетілді. Абайдың «Қансонарда бүркітші шығады аңға» деген өлең жолдарындағыдай, аңшының сенімді серігі жүйрік ат, қыран бүркіт, құмай тазы, көшпенді ел тұрмысының ажырамас бөлігі ретінде таныстырылды.  

Келесі киіз үйде берен мылтық, алмас қылыш, өткір қанжар, айбалта сияқты қару-жарақ түрлерін жасау өнерінің Ұлы далада қалай дамығаны, жауынгер халықтың бес қаруы таныстырылып, ертеде өте қымбат бағаланған алмас қылыштар тіпті бір үйір жылқыға бағаланғаны айтылды.  

Этноауылда Жеті қазынаны дәріптеумен қатар әр шаңырақтың киелі ырымдары – сәбиді бесікке салу және тұсаукесер дәстүрлері де көрсетілді. Бұл кезде қонақтардың бір бөлігі сыртта «Асық ату», «Кір тасын көтеру», «Арқан тарту», «Білекпен күш сынасу» сияқты ұлттық спорттық жарыстарды тамашаласа, енді бірі теміржолшылардың өз қолымен жасаған әшекей бұйымдарын, тақия-бөрік, гипстен жасалған қолөнер бұйымдарын тамашалап, ұнаған заттарын сатып алып жатты.  

Спорттық жарыс түрлеріне барлығы 145 теміржолшы қатысты. Асық атудан Нұрлы жол вокзалының қызметкерлері Қайыржан Ахауов, Бейісбек Аушахманов, Бекежан Бөкеновтар шеберлік танытып, өзара үш орынды бөлісті. Ал арқан тартудан білек күші басым шыққан вагоншылар бірінші орынды қанжығаларына байласа, екінші орын ШЧ-16 еншісіне, ал үшінші орын «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС командасына бұйырды. Ең қызықты сайыстың бірі білекпен күш сынасу болды. Онда әйелдер де бақ сынасты. Ерлер арасында Руслан Ескенеев білек күшінің басымдығын дәлелдеп бірінші орын, Асхат Рахметжанов екінші орын, ал Астана жол дистанциясынан Әділбек Төлеуов үшінші орын алды. Әйелдер арасындағы жарыста ЦЖС қызметкері Алла Штрошерер бірінші орынды жеңіп алса, екінші және үшінші орындарды ЛЖС мекемесінен Дорижан Каримова мен KTZ Express компаниясының қызметкері Айжамал Қуаныш өзара бөлісті. Армрестлинг және кір тасын көтеру бойынша Ерлан Ахметов, Таңат Тасбаев, Талғат Рахымбеков, Ерболат Нұрғонын, Әлібек Төлеуов, Жансұлтан Болтабеков сынды теміржолшылардың бағы жанды.  

Әз Наурызды тойлауға келген дүйім жұрт теміржолшылардың өз күшімен дайындаған концертті тамашалады, алтыбақан теуіп, наурыз көже, бауырсақ, палаудан дәм татты.  

 

Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды