Бірлік түбі – береке

Жаңалықтар
28.03.2023, 11:09
Суреттерді түсірген автор
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қазақстан халқы үшін Наурыз мейрамы – көктем мен жаңаруды айшықтайтын ұлы мереке. Осынау берекелі мерекені Астанадағы Локомотив құрастыру зауыты да кеңінен атап өтті.

Зауыт алаңында ұлттық киіз үй орнатылып, темірді қамырдай илеп, ұршықша иіріп жүрген өндірістегі ер-азаматтар бұл жолы ұлттық ойындарда жарысқа түсіп бақ сынасты. Ал енді өнерге жақын жігіттер мен қыздар ән салып, би биледі. Көрермендер спорттық ойын жарыстарын тамашалап, қиқуға басса, ұжымның өз күшімен дайындалған концерттік бағдарламаларда әріптестеріне қол соғып, қошемет көрсетті. Бұл күні зауыт ұжымынан бөлек арнайы шақырылған қонақтар қатары да көп болды. Ұлыстың ұлы күнін тамашалаған меймандар, зауыт қызметкерлері киіз үйді аралап, наурыз мерекесіне орай жайылған ас та төк дастарханнан дәм татты.  

Мереке барысында жарыс жеңімпаздары мен белсенді қатысушылар естелік сыйлықтармен марапатталды, жиналған жұрттың қуанышында шек болмады.  

Биыл Локомотив құрастыру зауытының ұжымы Наурыз мерекесін ерекше көтеріңкі көңіл күймен қарсы алды. Зауыт қызметкерлері отбасымен, балаларымен келді. Балалар да әртүрлі ұлттық ойындарға қатысып, оларға қолдау білдірген ағалары, әкелері балалық шақтарына оралғандай әсер алды.  

«Наурыз мерекесі биыл тамаша тойланып отыр. Ұжымның арқа-жарқа мерекені тойлауы үшін бірнеше жерден дастархан жайылды, бата берілді. Біздің азаматтар өнерден де, спорттан да құралақан емес екенін көрсетті. Мұндай іс-шаралар ұжымның бірлігін арттырып, әріптестер арасында жылы қарым-қатынасты нығайтатынын, ал бұл өз кезегінде кәсіпорынның жұмыс өнімділігіне тікелей әсер етеді», – дейді зауыт басшысы Марат Тілеубаев.  

Айта кетсек, «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ – еліміздегі Evolution сериялы тепловоздарды шығаратын жалғыз зауыт. Он төрт жылға жуық жұмыс істеп жатқан зауыт осы уақыт аралығында 460 локомотив шығарды. Осы жылы өндірістік жоспарды екі есе артып, жылына 90-ға жуық локомотив шығаруды жоспарға қойған.  

Зауыт ұжымы Наурыз баршамызға ынтымақ пен сәттілік алып келсін, еліміз өркендей берсін деген ізгі тілектерін білдіреді.  

 

Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды