Жұмысты қорытындылады
Жаңалықтар
11.04.2017, 15:52
Жуырда Семей магистральдық желі бөлімшесінің ҒТА және талдау орталығы алқалы кеңес өткізіп, ағымдағы тоқсан барысындағы атқарылған жұмыстарды, алдағы межелі шараларды сарапқа салды.
Басқосуға желі бойындағы барлық мекемелер бойынша техникалық информаторлар қатысып, өзара ортақ мәселелерді талқылады. Жиын барысында қазіргі күнге дейінгі атқарылған шаралар сынға түсті. Орталық басшысы Қайырғазы Жармұхамбетов айтып өткендей, алғашқы тоқсан бойынша жоспар 120 пайызға орындалған. Яғни, берілуі тиіс 10 ұсыныстың орнына 17 рационализаторлық ұсыныс түсіп, оның 12-сі екінші деңгейлі техникалық кеңес қарауынан өтіп, мақұлданыпты. Ал экономикалық тиімділік бойынша 1 млн 810 мың 300 теңгенің жалпы кірісі көзделуде. Оның ішінде Аягөздегі ТЧЭ-25 мекемесінің қосып отырған қомақты үлесі бар екен.
Сонымен қатар, өндіріске техникалық жаңашылдық енгізу бойынша жылдық жоспар көрсеткіші 42 болуы тиіс. Алғашқы тоқсан ішінде – 6. Алайда, бүгінде жалпы саны 12 жаңашыл тәсіл өндіріске енгізілген. Бұл, сөз жоқ жоғары көрсеткіш.
Сондай-ақ, жиын барысында өткен 2016 жылдың қорытындысына да шолу жасалынып, жетістіктер аталып өтті.
– Осы жолы «Үздік рационализатор» аталымына үміткерлікке 6 теміржолшы ұсынылып отыр. Оның ішінде ЭЧ-18 мекемесі бойынша үш адам бар. Сондай-ақ, ПЧ-40, ВЧД-23 және ШЧ-28 бойынша бір-бір теміржолшының тың идеялары Астанаға жіберілген. Өнертапқыштарымыздың жаңашылдықтары бірінші деңгейлі техникалық кеңес талабынан табылып, мақұлданар болса, өндіріске әкелген тиімділіктерін өзге әріптестері арасында насихаттауға кеңінен мүмкіндік ашылады, – дейді Семей магистральдық желі бөлімшесінің ҒТА және талдау орталығының басшысы Қайырғазы Жармұхамбетов.
Жалпы, бүгінгі күндері Семей теміржолы бойынша «Үздік рационализатор» төсбелгісін иеленген локомотившілер Талғат Садықов пен аягөздік Асхат Маженовтер әріптестеріне үлгі болуда.
Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты