Әзербайжан тарапына Қазақстан теміржол машиналарын жасау мүмкіндіктері таныстырылды

Жаңалықтар
10.04.2023, 12:30
Қазақстан теміржолшысы

Бакудегі пленарлық отырыс қарсаңында Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Әзербайжанның энергетика министрі Парвиз Шахбазовпен кездесті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Екіжақты кездесу барысында қазақстандық тарап отандық ауыр машина жасау мүмкіндіктеріне тоқталып, өзі өндіретін локомотивтер мен жүк вагондарын жеткізуді ұсынды.

«Әзербайжан нарығы Қазақстанда өңделген өнімдерді экспорттауға зор қызығушылық білдіріп отыр. Жақында ғана қазақстандық өндірушілердің сауда-экономикалық миссиясы өтті, оның қорытындысы бойынша $55 млн-ға металлургия өнімдерін, азық-түлік және кондитерлік өнімдерді жеткізуге келісім-шарттарға қол қойылды. Екі елдің энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы тауарлары саудасы салаларында ынтымақтастықты арттыруға зор әлеуеті бар. Біз барлық мәселе бойынша өзара тиімді және табысты ынтымақтастық орнатуға ниеттіміз және жаңа ұсыныстарға әрқашан ашықпыз», — деді Серік Жұманғарин.

Сонымен қатар тараптар энергетика, байланыс және коммуникация, көлік, ауыл шаруашылығы, мәдениет, туризм және басқа да салалар бойынша бірлескен жобаларды талқылады.

 

Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі