Болашақ теміржолшыларға бағдар

Жаңалықтар
15.04.2023, 11:29
Cуретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Қазақстан теміржолшысы

Биылғы мектеп түлектері бір-екі айдың көлемінде оқуларын тәмамдап, жауапкершілігі жоғары үлкен өмірге қадам басқалы отыр. Көбі болашақ мамандығы бойынша жоғары оқу орындарына тапсыратыны сөзсіз. Бүгін біз теміржолшы мамандығын таңдап, сол салада қызмет етсем деп отырған жандарға бағыт-бағдар көрсетуді жөн көрдік.

Теміржолшы мамандығы үлкен жауапкершілікті, қырағылық пен жоғары білімді талап ететін қызмет. Жүздеген адамның өміріне жауап беретін салада еңбек ету екінің бірінің қолынан келе бермейді. Сол себепті аталған салада тер төгіп, адал қызмет атқарып жүрген жандарға деген құрмет тым ерекше!

Теміржолшы мамандығын игеруге талпынған жандар ең әуелі оны жүрек қалауымен, өз қызығушылығымен келгені жөн. Дегенмен, кез келген салада тіс қаққан тәжірибелі маман болу үшін ең алдымен сапалы білім қажет. Болашақ теміржолшылар ұстаздар берген тәлімді ерекше ұқыптылықпен меңгеріп, бар ынта-жігермен ден қойып, біліктілікті арттырғаны жөн. Теміржолшы мамандығы темірдей тәртіпті талап етеді. Сондықтан оған жүрдім-бардым қарау әсте болмайды. Қаншама вагондарды тіркеп алып, ел тұрғындарын діттеген жеріне жеткізуді мақсат тұтатын жүрдек пойыздардың жай-күйін жетік білу аса маңызды. Бір жерден кеткен кішкентай ағаттықтың арты үлкен қайғылы жағдайға ұласуы мүмкін. Тұтас халықтың тыныштығына жауап беру үшін тура жолдан таймай, әр темірдің бөлшегіне барынша мұқият болу қажет.  

Теміржолшылар жеке бастарын қатерге тігіп, үнемі қауіптің бел ортасынан табылады десем, артық айтпағаным болар. Өйткені, сапар барысында түрлі жайттар орын алуы мүмкін. Қолайсыз ауа-райына байланысты қандай да бір құрылғылардың істен шығуы, темірдің тозуы және тағы да кенеттен орын алатын жайттар жеке басқа да өз қатерін тигізеді. Көп адам аталған саланың қиындығынан бейхабар. Қажет жеріне жайлы жеткізетін, өзінің ыңғайлы қызметімен талай жылдар бойы адамдардың сенімді серігіне айналған бұл көлікті кім тізгіндеп келе жатқанын да біле бермейді. Тіпті, біз оның қалай іске асырылатынын да аңғармаймыз. Бар білетініміз, теміржол – тұрғындар үшін өте қолайлы әрі қауіпсіз транспорт. Қауіпсіздік үшін де, жайлылығымен де, бойды созып еркін дем алып, ұзақ сапардан шаршамау үшін де көпшілігі осы көлік түрін таңдайды. Тіпті, ауқаттанып, ас ішуге де өте ыңғайлы. Ал, бұл көліктің тізгінінде отырған, адамдарды қалаған жеріне жеткізетін жандар, расымен бар мақтауға лайық!

Қазақстанда теміржол саласы қарқынды дамып келеді. Талай жылдық тарихы бар саланың тұрғындар үшін маңызы да ерекше! Жылдың қай мезгілінде болсын жүрісін тоқтатпайтын теміржол мамандығына да қызығушылық танытатын жандар қатары көп екені анық. Сондықтан, қиындығы мен қызығы қатар жүретін бұл салаға мойын бұрып, болашақ тағдырымен байланыстырғысы келетін тұлғалар оның маңыздылығын да ескерсе екен.

Балнұр Бегалы  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті