Апат айтып келмейді...

Жаңалықтар
23.06.2023, 11:07
Оқуға 2 мин

Өкінішке орай, темір жолдың бойында болатын түрлі қайғылы жағдайлар қатары артпаса, кемімей отыр. Теміржолшылар да әрине қол қусырып қарап отырған жоқ, бұл бағытта жүргізіліп отырған профилактикалық шаралар да аз емес.

Әйтсе де, теміржолда қараусыз жайылған мал, өткелдегі жол-көлік оқиғасы, адам өлімі жыл сайын қайталанып келеді. Ағымдағы жылы 15 маусым күні Түркістан – Арыс аралығындағы 3102 шақырымның 10 пикетінде 2 жасар нәрестені ТЧЭ-33 локомотив пайдалану депосының машинисі басқарған №22 Қызылорда – Семей бағытындағы жолаушылар пойызы қағып кетті. Оқиға сағат кешкі 19:34 шамасында болып отыр. Қайғылы оқиға орнына ең алғаш барғандардың бірі ПЧ54 Арыс жол дистанциясының телім бастығы Жұманов Үсен Сәбетұлының айтуынша, зардап шеккен нәресте Түркістан қаласындағы қазақ-түрік клиникасына жедел-жәрдеммен шұғыл жеткізілсе де екі жасар Қазынаның өмірін дәрігерлер ажалдан арашалап қала алмады. Апат болған жерде қоршау бар, бірақ әдеттегідей жергілікті халық кез келген жерден қоршауды бұзып, жол салып алған. Яғни дүкенге баратын төте жолда сол болғандықтан ер адам қоршаудың бұзылған тұсымен келе жатқан пойыздың алдын кесіп өтеді. Әкесінің артынан жүгірген екі жасар бүлдіршінді пойыз қағып кеткен.  

Мұндай қайғылы жағдайларға жол бермеу үшін Арыс жол дистанциясы тарапынан барлық мүмкіндіктер жасалуда. Еңбек ұжымдарында, оқу орындарында, темір жолға жақын орналасқан елді мекен тұрғындарымен кездесулер өткізіліп, түсіндіру жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Әрине жолдан өткенде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамай, өрескел бұзудың салдары осындай қайғылы жағдайға әкеледі.

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті