Вагон шаруашылығының құрылғанына 90 жыл

Жаңалықтар
04.07.2023, 10:53
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

3 маусым – вагоншылар күні. Биыл вагон шаруашылығының құрылғанына 90 жыл толып отыр. Теміржол саласы үшін вагон шаруашылығының маңызы өте зор.

Егер тарихқа шолу жасасақ, КСРО Халық Комиссарлар Кеңесі мен ВКП(б) Орталық Комитетінің 1933 жылғы 3 шілдедегі «Теміржол көлігінің жұмысы туралы» қаулысымен теміржол шаруашылығына қарасты негізгі салалардың жұмысын жақсарту мақсатында тартым күші басқармасы паровоздарды басқару және вагондарды басқару болып екі бөлімшеге бөлінді.  

Осы құжаттың негізінде Достастыққа қатысушы мемлекеттердің теміржол әкімшіліктерінің вагон шаруашылығының уәкілетті мамандарынан құралған Теміржол көлігі жөніндегі кеңесінің комиссиясы 2008 жылғы 24-26 маусымда Тәжікстанның Худжанд қаласында өткен отырысында 3 шілдені вагон шаруашылығының құрылған күні немесе жай ғана Вагоншы күні деп санауды ұйғарды.  

Қазақстан темір жолының вагон шаруашылығын басқарған білікті кәсіби мамандар аз емес. Олардың қатарында Әділ Ізбекенов, Слямбек Рыспаев, Зейнолла Шайықов, Қайраткен Нығыметов, Сәкен Төлебаев сынды вагон шаруашылығының «жілігін шаққан» майталман мамандар, білікті басшылар салаға жетекшілік етті.  

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да вагоншылардың білім-біліктілігін көтеруге ерекше назар аударады. Жыл сайын қауіпті ақауларды анықтап, қозғалыс қауіпсіздігіне орасан зор үлес қосып отырған вагоншылар қандай құрметке де лайық дер едік.

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті