«Жас темір»: Екінші ротация қорытындыланды

Жаңалықтар
18.07.2023, 08:15
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Өткен жұма күні Ұлттық компанияда «Жас темір» дамыту бағдарламасына қатысушы жас мамандардың 2-ші ротациясын қорытындылаған кездесу өтті. Жиынға бағдарламада топ жарып, жеңімпаз атанған бес жас маман қатысты.

Компанияның Адами ресурстарды басқару департаментінің директоры Сәуле Истлеева бастаған сала мамандары бағдарламаға қатысушы жас мамандар Аян Шарапат, Мадияр Жадыгеров, Елдар Ахметбеков, Әйгерім Шымырбаева мен Арыстан Жұманның жұмысына қатысты өз бағаларын берді.  

Бірінші болып сөз алған Әйгерім Шымырбаеваның жоғары оқу орнынан алып шыққан негізгі мамандығы – теміржол көлігіндегі маркетинг жөніндегі маман екен. Бірінші ротация бойынша ол «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Маркетинг және сервистерді дамыту департаментінде менеджер ретінде тағылымдамадан өтсе, 2-ші ротация бойынша Жоспарларды әзірлеу және көрсеткіштерді қалыптастыру департаментінің менеджері қызметін атқарған.  

– Мен аталған департаментте күнделікті пайдалану көрсеткіштерінің тәуліктік динамикасына қатысты жұмысты, күнделікті вагондардың жұмыс паркі көрсеткіштерін талдау, жылжымалы құрам пайдалану тиімділігін мониторингтеу және талдау, Documentolog, «Оперативтік штаб» мағлұмат беру, жүк түрлерін тиеу, жүк айналымын, тасымалдаудан түскен табыс, Қазақстандағы ірі өндірушілермен жұмыс істеу сияқты қызметтерді атқардым. Менің ҚТЖ компаниясына қандай пайдам тиді дейтін болсам, Департаментте әр қызметкерге жүктелетін жұмыс көлемін азайттым, оперативті штабқа қажетті шұғыл ақпараттарды әзірлеуге көмектестім, Тәуліктік көрсеткіштердің динамикасы диаграммалырын құрастырдым, Excel программасы мүмкіндіктерін пайдалану арқылы вагон паркі көрсеткіштерін есептеуді оңтайландырдым, – дейді Әйгерім.  

«Жас темір» дамыту бағдарламасының 2-ші ротациясын табысты тәмамдаған төрт жігіт те өздерінің атқарған жұмыстарын тап-тұйнақтай етіп дайындап келген слайдтары арқылы таныстырды. Елдар Ахметбеков 1-ші ротация барысында Ақмола ЖТ бөлімшесіне қарасты Қырқыншы станциясында тауар кассирі жұмысынан бастаса, 2-ші ротация кезінде алдымен «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-де Тиеу және түсіруді ұйымдастыру департаментінің менеджері, кейін Қостанай ЖТ бөлімшесінде кірме жолдар бөлімі инженерінің көмекшісі, логистика және тасымалды ұйымдастыру менеджері қызметтерін атқарған. Аян Шарапат, Мадияр Жәдігеров пен Арыстан Жұман да 2-ротация барысында Компаниядағы жұмыстары мен жинаған тәжірибелері туралы егжей-тегжейлі баяндады.  

Жиынды қорытындылай келе, Сауле Истлеева жас мамандарға 3-ші ротацияны табысты аяқтап, қоржындарын қажетті ілім-білім, тәжірибемен толықтырып шығуларына тілектестік білдірді.  

– Биыл жыл соңында бағдарламаның жаңа нұсқасын іске қосуды жоспарлап отырмыз. Жаңа нұсқаның тұжырымдамасын әзірлеу барысында сіздердің екінші және алда өткелі отырған үшінші ротация барысында жинаған тәжірибелеріңіз, жұмыс барысында жолыққан кедергілер, қиындықтар, бағдарламада бұрын ескерілмей қалған ньюанстар көрініс табуы керек. Үшінші ротация жұмысын қорытындылауда сіздер өз ұсыныстарыңызды енгізген концепция дайындап әкелесіздер. Бұл сіздердің өз дерекнамаларыңыз болады. «Міне, бізде осындай қатып қалған стандарттарды бұза білетін жас мамандар бар» деп біз оларды бағдарламаға қатысушы келесі топқа таныстырып, үлгі ететін боламыз, – деді Сәуле Истлеева.  

 

Жаңалықтар
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жүк тасымалы
24.08.2026
Елімізде теміржол транзитін автоматтандыру аясы кеңейді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді