Темір жол бойындағы ұрлық ізі суымай ашылуда

Жаңалықтар
25.07.2023, 11:37
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Теміржол нысандарындағы қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіп күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселелердің бірі. Бұл орайда Семей ЖТ бөлімшесінің аумағы бойынша жүйелі түрде жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ұлттық компания мүлкіне қол сұқпау, жолаушылар құқықтарының қорғалуы мен жүктердің сақталуы, қала берді террорлық қауіпсіздік шаралары қатаң назарда тұр.

Жуырда Семей өңіріне арнайы жұмыс сапарымен келген көліктегі полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Бақытжан Малыбаев семейлік теміржолшылармен кездесіп, осы өзекті мәселені тақылады. Семей ЖТ бөлімшесінің акт залында филиал директоры Владимир Бабиченко, НЖС-6 басшысы Айдын Шәукежановтардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Басқосуға сонымен қатар, ӘТЖК Семей филиалы мен көлік прокуроры Абай Әзібаев және Семей және Өскемен станцияларындағы желілік полиция басшылары қатысты.

  

Өз сөзінде Бақытжан Малыбаев теміржолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қоғаммен серіктестікте, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасы жайында түсінік беріп өтті. Сонымен қатар, мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен әзірленген аталмыш жаңа бағдарлама аясындағы тың міндеттемелерді шешу жолында бірлесе әрекет етудің тиімділігі жайында сөз қозғады.  

Жиын барысында теміржол саласындағы өзекті мәселелер де сарапқа түсті. Атап айтсақ, желі бойындағы шұғыл тежелу, теміржол мүліктерін ұрлау, теміржолға жер үсті және жер асты жолдарын салу сынды тақырыптар кеңінен талқыланды. Бөлімше басшысы Владимир Бабиченко атқарылып жатқан шаралар мен болашақтағы жоспарларымен бөлісті. Филиал директоры айтып өткендей, қазіргі күндері желілік полиция қызметкерлерімен жұмыс жүйелі жолға қойылған. Соның арқасында бөлімше көлеміндегі жасалынған қылмыстардың барлығы дерлік ізі суымай ашылуда. Бірлескен жұмыстар қатары арнайы әзірленген слайд арқылы көпшілікке көрсетілді. Рас, құқық бұзып, қылмысқа баратындар арасында теміржолшылардың да кездесіп жататыны қынжылтады. Алайда, сұғанақтық жасап, заңнан аттаушыларға кешірім жоқ.  

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша теміржолшылар мен желілік полиция қызметкерлері өзара тығыз әріптестік байланысты арттыра түсуге уағдаласты.  

Ал, басқосудан соң мәртебелі мейман бөлімше басшыларымен бірге Семей вокзалына арнайы барып, ондағы қоғамдық қауіпсіздік шараларымен танысты. Қазіргі таңда нысан бейнекамералармен толық қамтылған. Террорлық қауіпсіздік те күшейтілген.  

Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты