Мобильді машинаның көмегі зор

Жаңалықтар
31.07.2023, 12:58
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Желі бойындағы пойыз қозғалысының қауіпсіздігі жан-жақты, сан-салалы тақырып. Бұл ретте бірінші кезекте теміржол бойының техникалық талапқа сай болуы басты назарға алынады.

Биыл Семей ЖТ бөлімшесі бойынша желі бойына жақын өскен ағаштар мен бұталарды кесу, қырқу  жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Әсіресе, аймақтың шығыс бөлігі жаңбырлы болуы себепті желіге жанаса, қаулай өскен жасыл өскін көп. Одан келер қауіп аз емес. Солардың ішіндегі ең бастысы – орман өрті. Міне, осыны ескерген семейлік теміржолшылар мобильді бұта қырыққыш машинаның көмегімен желі бойында жүйелі жұмыстар жүргізуде. Өткен маусым айында басталған жұмыс содан бері тынбай жүріп жатыр.  Бүгінде жалпы ұзындығы 74,3 шақырым болатын жол бойы шырпы-бұтақтардан толықтай тазартылды.  

Алдағы қоңыр күзге дейін біршама жұмыс жүргізілмек. Бұл орайдағы еңбек өнімді. Мәселен, өткен бір аптаның ішінде ғана, 6,4 шақырым жолдың бойы қалыпқа келтірілді. Бұл шаралар мұнымен қоса жол бойының күтіміне, эстетикалық әдемілігіне де зор ықпал етеді. Сонымен қатар, жол жөндеу жұмыстарының кедергісіз жүргізілуіне де оңтайлы жағдай жасайды.

Бұта қырыққыш машинаның көмегі зор  болып отыр, негізінен локомотив бригадалары мен жолшылардың пікір-өтініштері бірінші кезекте баса ескерілуде. 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады