Вагон шаруашылығына арналған конференция өтті

Жаңалықтар
04.08.2023, 09:40
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Жуырда «Қазақстан вагон жөндеу кәсіпорындары қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырған «Жылжымалы құрам. Қызмет көрсету және перспективалар» атты конференциясы өтті.

Іскерлік және конструктивті диалог алаңына Қазақстан Республикасы жылжымалы құрамының операторлары мен иелерінің 55 кәсіпорнынан 100-ден астам адам, оның ішінде, «ҚТЖ» ҰК» АҚ және оның еншілес ұйымдары, қазақстандық операторлар мен тасымалдаушылар қауымдастығы, «Логистика және көлік академиясы» АҚ, жүк вагондарына қызмет көрсететін сервистік компания басшылары мен мамандары, «ТемірТрансСервис» ЖШС, вагон жөндеу кәсіпорындарының қазақстандық қауымдастықтарының мүшелері және вагон жөндеу кәсіпорындарының өкілдері және теміржол өнімдерін өндірушілер қатысты.  

Конференцияның мақсаты – вагон шаруашылығының күрделі мәселелерін талқылау, вагон иелері, жөндеу кәсіпорындары, «ҚТЖ» ҰК» АҚ құрылымдық бөлімшелері және басқа да ұйымдар арасында ашық диалогқа ықпал ету.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Қауіпсіздік департаментінің директоры Марат Шәкенов құттықтау сөзінде «Қазақстан вагон жөндеу кәсіпорындары қауымдастығы» ЗТБ жұмысының маңыздылығын, сондай-ақ соңғы жылдарда елімізде вагон жөндеу секторы дамуының оң динамикасын атап өтті.  

«Қазір елімізде заманауи жабдықтар мен диагностикалық құралдар енгізілуде, технологиялық жабдықтарды жаңарту және инфрақұрылымды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Соңғы уақытта вагон жөндеу кәсіпорындары 25-ке дейін өсті, ВДШ саны да өсіп келеді, олардың саны 12-ге жетті, бұл салауатты бәсекелестікті қалыптастырады, бұл – бизнестегі табыстың кепілі», – деді ол.

 

Жаңалықтар
04.09.2026
Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі – «Үздік теміржол ұшымы» байқауының жеңімпазы
Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!
Жаңалықтар / Мұрағат
04.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №70 04 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
03.09.2026
Қазақстанның 100 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
03.09.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде 39 ЖКО алдын алды
Әлемде
03.09.2026
Өзбекстанда пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Әлемде
03.09.2026
Болгарияда Alstom компаниясының Coradia Stream электропойыздары жолаушы тасымалын бастады
Жаңалықтар
02.09.2026
«Қызылжар – Мойынты» жаңа желісі басты жолының түйісуі аяқталды
Аймақтар
02.09.2026
Ақтөбе облысында жөндеуден кейін Жем вокзалы қайта ашылды
Әлемде
02.09.2026
Қытайдың CRRC компаниясы шығарған пойыз Румынияда жолаушы тасымалдай бастады