«Теміржолсу» мекемесі қысқы маусымға дайындалып жатыр

Жаңалықтар
08.08.2023, 10:15
Суретті түсірген автор
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Теміржолсу» акционерлік қоғамының еншілес ұйымдары мен құрылымдық бөлімшелері қыс маусымына дайындық барысында жұмыстың сапалы әрі жоспарда белгіленген кестеге сай орындалуын басты назарға алып отыр.

«Теміржолсу» АҚ-ның ел өңірлерінде 12 филиалы бар. Олар 267 теміржол пунктінде орналасқан республиканың теміржол станциялары мен разъездеріне сумен және жылумен жабдықтау қызметтерін көрсетіп келеді. Бұған қосымша Қоғам Магистральдық желі дирекциясының 395 станциясы мен разъезін су және жылумен жабдықтап, сондай-ақ су бұру объектілеріне техникалық қызмет көрсетіп келеді. Қазір біз сумен және жылумен жабдықтау нысандарын 2023-2024 жылдардың қыс маусымында қалтқысыз жұмыс істеуі үшін дайындық жұмыстарын бастап кеттік. Біраз шаруа тындырылды. Атап айтқанда, қазандықтар мен жылу жүйелері жуылып, гидравликалық сынақтан өтсе, нысандардың ішкі жылу жүйелерінің әзірлігіне қатысты тұтынушылармен жұмыс жүргізілген. Сонымен қатар барлық қазандық шаруашылықтарындағы жабдықтардың тозу деңгейін анықтадық. Бірқатарына жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Жылу магистралінің жылу оқшаулағыштары неғұрлым жетілдірілген оқшаулағыш материалдармен ауыстырылды. Бұл өз кезегінде тұтынушыларға жылу трассалары арқылы жылуды тасымалдау кезінде жылу шығындарын азайтады», – дейді Қоғамның бас инженері Ғазиз Жайылғанов.

«Теміржолсу» АҚ-ның маңызды міндеттерінің біріне Ұлттық компанияның құрылымдық бөлімшелерін қатты отынмен, яғни техникалық және тұрмыстық көмірмен қамтамасыз ету кіреді. Биыл техникалық және тұрмыстық қажеттіліктерге жеткізілетін көмір көлемі 89 838 тоннаны құрап отыр. Отандық көмір Шұбаркөл көмір кеніштерінен тиеліп тасымалдануда. Қазіргі уақытта теміржолшылар үшін 7245 тонна көмір жеткізілген. Ал техникалық қажеттіліктерге 66990 тонна қатты отын жеткізу жоспарланса, бүгінгі күнге нақты жеткізілім 13662 тонна құрап отыр. Жалпы көмір жеткізілімі жылыту маусымының соңына дейін берілген өтінімдер бойынша жүзеге асырылмақ.  

Қоғам қосымша кіріс тарту шеңберінде Магистральдық желі дирекциясы мен «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-на қарасты темір жол кәсіпорындарының ғимараттары мен құрылыстарына жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Мәселен, ағымдағы жылдың алғашқы алты айында «Достық» станциясының 2 шағын ауданындағы 2742 шақырымдық орамішілік инженерлік желілер толық ауыстырып, 121 нысанға, соның ішінде Достық станциясы бойынша дирекцияның 10 нысанына, ЦЖС бойынша 100 нысанға және «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бойынша 11 нысанға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізген. Сонымен, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бойынша локомотив бригадаларының қызметкерлері жайлы демалып тынығулары үшін 24 нысанға, яғни демалыс үйлері мен ғимараттарға ағымдық жөндеу жүргізілуде екен. Сонымен қатар ғимараттарға ағымдық және күрделі жөндеу жүргізу қызметтерімен қамтамасыз ету үшін «Теміржолсу» АҚ-да ТЖС аймақтық филиалдарын дамыту бағдарламасы әзірленбек.  

Қазіргі таңда Қоғамның барлық қызметкерлері қысқы және жазғы арнайы киім және аяқ киіммен қамтамасыз етіліп, оларға қауіпсіз еңбек жағдайы жасалыпты. Биыл 80-нен астам алғашқы қыстаушыларды қыс маусымында қауіпсіз жұмыс істеуге дайындау жоспарланып отырған көрінеді. Соның бүгінде 15-і дайындықтан өткен.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті