Жылжымалы құрамды жөндеушілер арасында шеберлік байқауы өтті

Жаңалықтар
18.08.2023, 09:00
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Қамқор Локомотив» ЖШС – Ақтөбе локомотив жөндеу базасында Батыс өңіріндегі теміржол саласының жылжымалы құрамды жөндеушілері арасында «Үздік слесарь-2023» номинациясы бойынша кәсіби шеберлік байқауы өтті.

Төрт өңірдегі филиалдардан келген жұмысшылар сайыс барысында практикалық білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын, 2ТЭ10МК сериялы тепловоздарды жөндеу арқылы өздерінің шеберліктерін көрсетті.  

«Қамқор Локомотив филиалдары арасындағы бұл байқау 2019 жылдан бері «Қамқор Магистраль» кәсіподақ ұйымымен бірлесе отырып жыл сайын өтуі дәстүрге айналған. Осы жылдар аралығында Астана локомотив жөндеу депосының базасында «Үздік дефектоскопист», ал Атбасар электровоз жөндеу зауыты базасында «Үздік дәнекерлеуші» сайыстары өткізілді. Әрине, мұндай іс-шаралардың басты мақсаты – мамандардың өзара тәжірибе алмасуына ықпал ету, кәсіби шеберліктерін дамыту және темір жол саласы жұмысшыларының мәртебесін арттыру – деді «Қамқор Локомотив» ЖШС Тартымды жылжымалы құрамға сервистік қызмет көрсету жөніндегі директоры А.С.Әлиев байқаудың ашылу салтанатында.  

Байқауға қазылық еткен сараптама комиссиясының тәуелсіз өкілдері әрбір қатысушының орындаған жұмысының жылдамдығы мен сапасына, қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау қағидаларының сақталуына назар аударып, жұмыс орнының мәдениетін бағалады. Әрбір қатысушының теориялық білімдері мен практикалық тәжірибелерін таразылады. Оның қорытындысы бойынша үздіктер де анықталды. «Үздік слесарь-2023» номинациясы бойынша бас жүлде Ақтөбе локомотив жөндеу депосының электр машина цехының жылжымалы құрамын жөндеу жөніндегі слесарі Андрей Понамарчукке бұйырды. Ал бірінші орынды Сексеуіл локомотив жөндеу депосы электр машина цехының жылжымалы құрамды жөндеу жөніндегі слесарі Мұзафар Ертанасов қанжығасына байласа, 2-ші және 3-ші орындарды Шалқар сервис орталығы электр машина цехының жылжымалы құрамды жөндеу жөніндегі слесарі Ақылбек Баешев пен Мақат сервис орталығы электр машина цехының жылжымалы құрамды жөндеу жөніндегі слесарі Азамат Есенғалиев өзара бөлісті.  

Байқау жүлдегерлеріне «Қамқор Магистраль» кәсіподағы атынан ақшалай жүлде – сертификаттар мен дипломдар табыс етілді.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті