Пойыздар қозғалысын басқарудың өңірлік орталықтары жұмысының қорытындысы шығарылды (Фото)

Жаңалықтар
29.08.2023, 15:11

Ақтөбе қаласындағы кеңеске қатысушылар Пойыздар қозғалысын басқарудың өңірлік орталықтарының жұмысын ұйымдастыруды және олардың өзара тиімді іс-қимылын талқылады.

ҚТЖ-да Алматы, Астана және Ақтөбе қалаларында үш өңірлік диспетчерлік орталық жұмыс істейді, олардан оңтүстік-шығыс, батыс және солтүстік өңірлер бойынша Пойыздар қозғалысын жедел басқару жүзеге асырылады. Үш жыл бұрын Ақтөбе қаласында пилоттық режимде алғашқы ПБӨО-1 орталығы құрылды. Ол бес бөлімшенің – Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Орал, Қызылорда диспетчерлік орталықтарын біріктірді.

«Өңірлік орталықтар өз тиімділігін дәлелдеді. Олар пойыздар қозғалысын бақылауды қамтамасыз етіп, станциялардың өткізу қабілетін және теміржол көлігі қауіпсіздігін арттырады. Ақпаратты беру және алу процесі автоматтандырылған. Орталықтар бекітілген регламент шеңберінде «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС филиалдарымен және Магистральдық желі дирекциясымен өзара іс - қимыл жасайды», - деп атап өтті «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Бас директорының орынбасары Мұхтар Жамбылов.

Биылғы 7 ай қорытындысы бойынша ПБӨО-1 желісі бойынша жүк айналымы өткен жылғы деңгейге қарағанда 7,4%, тиеу-7,9% өсті. Жүк айналымы бойынша ПБӨО - 2 (Алматы) жоспарға 101,2%, тиеу-101,6% орындалды.

Кеңесте өңірлік орталықтарға локомотивтер мен локомотив бригадаларын ұтымды пайдалану, электр энергиясы мен дизель отынының өнімсіз шығынын азайту, жоғары салмақты пойыздарды қалыптастыру жөніндегі жұмысты күшейту тапсырылды.

Аймақтар
05.09.2026
Сарыағаш вокзалы жаңғыртылып, жолаушылар үшін қайта ашылды
Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды
Жаңалықтар
04.09.2026
Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі – «Үздік теміржол ұжымы» байқауының жеңімпазы
Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!
Жаңалықтар / Мұрағат
04.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №70 04 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
03.09.2026
Қазақстанның 100 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
03.09.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде 39 ЖКО алдын алды
Әлемде
03.09.2026
Өзбекстанда пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Әлемде
03.09.2026
Болгарияда Alstom компаниясының Coradia Stream электропойыздары жолаушы тасымалын бастады
Жаңалықтар
02.09.2026
«Қызылжар – Мойынты» жаңа желісі басты жолының түйісуі аяқталды