«Болашақ» арқылы астық тасымалы артты

Жаңалықтар
10.06.2016, 10:22
Халықаралық жүк тасымалында әлеуеті жоғары болатынына сенім артқан «Болашақ» шекаралық станциясы үмітті ақтады. Оған станция арқылы экспортталатын астық тасымалы көлемінің артуы толық дәлел.  Маңғыстаулық теміржолшылар сәйкесінше, Иран мен Ауғанстан бағытына астық тасымалдайтын пойыздар санының биыл, өткен жылға қарағанда  көбейгенін қуана жеткізуде.    Болашақ станциясының жас болса да, бас болып, білімін біліктілігімен ұштастырған бастығы Жарас Жолаевтың айтуынша, осы мемлекетаралық түйісу нүктесі арқылы биыл жыл басынан бергі астықтың пойызбен экспортталуы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда біршама артыпты. –Өткен жылдың алғашқы бес айында Болашақ арқылы 1011 вагон, яғни, 64 624 тонна астық жөнелтілсе, биыл осы аралықта 1157 вагон, яғни, 73 905 тонна астық жіберілген. Сонымен дәл қазіргі күнге вагондар санымен есептегенде, біздің мемлекетаралық түйісу нүктесі бойынша астықтың экспорттық тасымалы 146 вагонға немесе 14 пайызға  артып отыр, – дейді станция бастығы. Нақтырақ айтсақ, биыл жыл басынан маусым айына дейін Иранға 1046 вагонмен 66 367 тонна астық жөнелтіліпті. Соның ішінде 621 вагон, яғни 38 533 тонна арпа, 424 вагон, яғни, 27 766 тонна бидай және 1 вагон, яғни 68 тонна зығыр дәні жіберілген. Ал Ауғанстанға жөнелтілген астық көлемі 111 вагонды немесе 7538 тоннаны құраған, соның 7 вагоны, яки 471 тоннасы арпа, 104 вагон немесе 7067 тоннасы бидай екен. Өткен жылдың 12 айында осы бағыттарда Болашақ станциясы арқылы жөнелтілген астық тасымалы небары 1452 вагонды құраған болатын. Олардың салмағы 157 674 тонна болды. Осы орайда Иран елі де 2 млн тонна бидай экспорттауға дайын екендігін жеткізді. Бұл дегеніміз, аталған мемлекеттің бидайдан өзін-өзі қамтамасыз ете алатын  деңгейге жетіп келе жатқанын байқатса керек. Ресми болжамдар бойынша, ағымдағы жылы бұл елде жауын-шашынның жеткіліксіздігіне қарамай, бидай өндірісін қолдау шаралары арқасында егін көлемі өткен жылғы көрсеткіштен де асып түсуі мүмкін. Иранда 2016-2017 жылғы маусымда, яғни ағымдағы маусымда,  жиналатын барлық бидай көлемі 15,5 млн тоннаға жетеді деп күтілуде. Ал ішкі тұтыну көлемі 18,5 млн тонна ғана. «Казах-Зерно» ақпарат агенттігі бұған дейін өткен жылы Иран 29 елден  885,9 млн АҚШ долларына 3,31 млн тонна бидай импорттағанын хабарлаған. Қазақстан бидайының ірі импортері болып табылатын Иран мемлекеті Азық-түлік келісімшарт корпорациясы сату нарығының құрылымында барлық экспорттық жөнелтілімнің 60%-дан астамын құрайды. Соңғы жылдары корпорация ирандық серіктестермен тығыз қарым-қатынас орнатты. Соның арқасында осы бағыттағы астық экспортының жоғары деңгейдегі тұрақтылығы басқа елдерге қарағанда сақталып отыр. Көбіне бұған Каспий теңізінде екі елдің де жеке астық терминалдарының, атап айтқанда, Ақтау порты мен Амирабад порттарының болуы оң әсерін тигізуде. Бұған қоса Иранға экспорттау кезінде корпорация  теңіз бағдарына балама бағыт – Түркіменстан арқылы транзиттік темір жол тармағын пайдаланып отыр. Болашақ станциясы – еліміздің оңтүстік батысындағы Түркіменстан елімен, сол елдің Серхетяка станциясымен шекаралас жатқан мемлекетаралық түйісу нүктесі болып табылады. Осы жылы 11 мамырда Қазақстан және Түркіменстан елінің мемлекет басшылары екі ел арасындағы темір жолды ресми түрде ашып, сол арқылы Иранға тікелей бағыт алған болат жолды іске қосқандарына үш жыл толды. Бұл жоба аясында Қазақстан аумағында 146 жаңа жол, 7 жаңа станция, бекет, 68 жасанды имарат пен 4 көпір салынған болатын.

Ирина Бектиярова,

Райхан Рахметова

   
Жолаушылар тасымалы
10.07.2026
Ұлттық тасымалдаушы Алматы бағытында миллионға жуық жолаушы тасымалдады
Аймақтар
10.07.2026
Теміртау вокзалында жолаушылар платформасын жаңғырту жұмыстары аяқталды
Аймақтар
10.07.2026
Құсмұрын станциясында "Қауіпсіз өткел" акциясы өтті
Жүк тасымалы
10.07.2026
Вагон өндірісінен экспортқа дейін: «Қазтеміртранс» жоспары
Сұхбат
10.07.2026
Жүк тасымалы – экономиканың сенімді даму бағыты
ҚТЖ келбеті
10.07.2026
Сайөтесте вагон қараушы апатқа жол бермеді
Жаңалықтар
10.07.2026
ҚТЖ-да жас мамандарға арналған тәлімгерлік жүйе қайта жандануда
Қауіпсіздік
10.07.2026
Өткелден өтудің өз ережесі бар
Жаңалықтар
10.07.2026
Қазақстанның транзиттік әлеуеті халықаралық деректі фильмде көрсетілді
Қауіпсіздік
10.07.2026
Қауіпті аймақта қатер көп...
Жаңалықтар / Мұрағат
10.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №52 10 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
09.07.2026
ҚТЖ теміржол бағыттамаларын жоспарлы түрде жаңартып жатыр
Әлемде
09.07.2026
Ұлыбританияда алғашқы экологиялық таза вокзал ашылды
Жүк тасымалы
09.07.2026
Қысқа дайындық: ҚТЖ көмір тасымалдайтын вагондарды жаппай әзірлеуде
Жаңалықтар
09.07.2026
Елімізде астық экспорты 13%-ға артты
Аймақтар
09.07.2026
«Сарыағаш» теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары тамыз айында аяқталады
Жаңалықтар
09.07.2026
ҚТЖ паркі маусым айында 50 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.07.2026
Алматы-1 теміржол вокзалын қайта құруға 500-ден астам жұмысшы тартылды
Әлемде
08.07.2026
Армения Түркия және Әзербайжан шекараларына апаратын теміржол желілерін қалпына келтіре бастады
Жаңалықтар
08.07.2026
Тәртіп сақшылары балаларды теміржол бойында абай болуға шақырды