Тасымал тарифі әділ болу керек – жеке компания

Жаңалықтар
06.10.2023, 15:11
Суретті түсірген Александр Жабчук
Әділет Мұсахаев

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің тілшісі

Жүк тасымалында жеке компаниялардың да мүддесі қорғалу керек. Бастысы тариф бәріне ортақ, әділ болу керек. Бұл туралы еліміздегі көліктік-логистикалық инвестициялық компаниялар тобы «PTC Holding» басқармасының төрағасы Тимур Қарабаев Астанада өтіп жатқан «Көлік және логистика» V халықаралық конференциясында айтты.

Тимур Қарабаев жүк тасымалында бірыңғай тариф бекітіліп, кейбір жүктер үшін қосымша құн салығын алып тастау керек деп отыр.  

«Елімізде жүк тасымалында шешімін таппай келе жатқан бірқатар мәселе бар. Еліміздегі логистикалық орталықтар жүк тасымалдау процесіне араласпайды. Сол себепті біз ірі транспорттық хабқа айнала алмай отырмыз. Өйткені жүкті жіберуші транспорттық орталықтармен бірігіп жұмыс істеп кете алмай отыр. Бұл жерде кедендік және фиксальды сипаттағы мәселелер бар. Оған қоса бізде жұмыс істеп тұрған бірыңғай транспорттық  құжат жоқ. Кедендік қызмет, салық және темір жол қызметін қамтитын бірыңғай құжат әлі болмай тұр. Дегенмен, ЕАЭС асында 2024 жылдан бастап бұл құжат енгізіледі деп жатыр. Егер ол енгізілсе кейбір жүк түрін қосымша құн салығыннан босату қажет, онсыз транспорттық-логистика дамымайды», – деді Т. Қарабаев.

Сонымен қатар ол транспорттық-логистикалық орталықтар даму үшін белгілі бір алғы шарттар жасалу керектігін жеткізді.  

«Олар: тауар айналымның бірыңғай құжаты және ол кедендік органдар  мен темір жолда, расталып  мойындауы керек. Сол кезде жүк ағыны бірден өседі. Соңғы сегіз айда Қазақстаннан сыртқа шығатын экспорт 12,5%-ке төмендеген. Бұл тасымал саласында жұмыс істейтіндер үшін жағымды жаңалық емес. Өйткені біз өте үлкен шығынға батып отырмыз. Экспорттың төмендеуі шығынды білдіреді, сондықтан ойлануымыз қажет. Бұл тек Ұлттық компанияға қатысты емес, барлық жеке компанияларға қатысты. Біз бірдеңені дұрыс жасамай жатырмыз деген сөз. Экспорт кез  келген экономиканың дамуының алғы шарты. Ол баяу өссе қорқынышты ештеңе жоқ, ал төмендеп кетсе бұл ең үлкен проблема. Сондықтан осында жиналған транспорт қауымдастығының мүшелері бұл олқылықтардың орнын түзеуге атсалысуымыз керек», – деді басқарма басшысы.  

 

Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты