Өндірістік ғимараттар жаңарып жатыр

Жаңалықтар
17.10.2023, 09:51
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау жол дистанциясының жолшылары өндірістік ғимараттарды жөндеу бағдарламасының игілігін көруде. «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Қанат Әлмағамбетовтің басшылығымен жүзеге асып жатқан бағдарлама нәтижесінде талай жылдан бері жөндеу көрмеген нысандар көз тартарлықтай болып жаңарып жатыр.  

2023-2026 жылдарға арналған өндірістік ғимараттарға күрделі және ағымдық жөндеу жүргізу бағдарламалардың арқасында №2 өндірістік учаскесінің Шетпе табельдік станциясы, Маңғыстау станциясында дистанцияның әкімшілік ғимараты, №5 өндірістік учаскесінің Өзен табельдік станциясы жөндеуден өтіп, су жаңа көрініске енді. №10 бекет бойынша №1-3 өндірістік учаскесінің табельдік ғимараттарына ағымдағы жөндеу жасалды. Болашақ станциясында әлеуметтік мақсаттағы объектілер, яғни дүкен мен наубайхана жөндеуден өткізілді.  

– Маңғыстау жол дистанциясы жұмысшыларының санитарлық-тұрмыстық жағдайын жақсарту мақсатында ағымдағы жылы «Теміржолсу – Маңғыстау» ЖШС күшімен бірнеше нысанда жөндеу жүргізілді. Жоғарыда аталған бағдарлама шеңберінде дистанция бойынша сегіз объектіге жөндеу жоспарланған еді. Атап айтсақ, қазіргі уақытта №10 бекеттен үш табельдік ғимарат, сондай-ақ Өзен және Шетпеде де табельдік ғимараттар толық жөндеуден өткізілді. Дистанцияның әкімшілік ғимараты да көптен бері күрделі жөндеу көрмей, ескіріп тұрған еді. Өртке қарсы бұрыштың да талапқа сай болмауынан үнемі сөз естіп, айыппұл арқалайтынбыз. Қазір мекемеміз төбесінен бастап едені, терезе-есігіне дейін жаңарды. Су да өтпейді, өртке қарсы барлық талапқа сай. Болашақ станциясындағы дүкен мен наубайхана әлі күнге біздің баланста болатын. Енді жөндеуден кейін ауыл әкімдігінің меншігіне берілетін болады, – дейді Маңғыстау жол дистанциясының бас инженері Нұрлыбай Қисаев.

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады