Ерен еңбек еленген күн

Жаңалықтар
27.10.2023, 09:05
Суретті түсірген Александр Жабчук
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясында Республика күні қарсаңында өткен салтанатты жиынды ашқан Басқарма төрағасының орынбасары Қанат Әлмағамбетов барша сала қызметкерлерін ұлық мерекемен құттықтап, қызметте және қоғамдық жұмыста жетістікке жеткен үздіктерді марапаттады.  

– Құрметті әріптестер және сала ардагерлері! Сіздерді егемен еліміздің ең бас ты мерекесі – Республика күнімен құттықтаймын! Бұл мерекенің тарихи маңызы зор. 1990 жылы 25 қазанда ҚР Парламентінде «Қазақстан мемлекетінің егемендігі туралы» декларация қабылданды. Осы құжат халықаралық қауымдастықтың мүшесі ретінде әрі Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде дамуына негіз болды. Еліміз талай тар жол, тайғақ кешуден өтті. Теміржол саласына да оңай болған жоқ. Бірақ теміржол сынақтардан сүрінбей өтті. Басқарушылық қасиетін жоғалтпай, инфрақұрылымдарын сақтап қалды. Соңғы отыз жылда 2500 км астам жол салынды. Ол еліміздің барлық өңірін көлік артериясымен байланыстыруға, коммуникация мен тауар айналымын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Қазір де жалғасуда. Таяу уақытта үш ірі инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылады.

Тоғыз айдың қорытындысы бойынша жүк айналымы 7 пайызға, транзиттік тасымал 21 пайызға, ал экспорттық жүктер 7 пайызға өсті. Жылдың қорытындысы бойынша біз 150 млрд теңге көлемінде таза пайда көреміз деп болжап отырмыз. Бұл санның артында сіздердің күнделікті еңбектеріңіз жатыр, – деді Қанат Әлмағамбетов.  

Бұл күні мемлекеттік марапат алып, мерейі үстем болғандар қатары да қалың болды. «Құрмет» орденімен Магистральдық желі дирекциясына қарасты Электрлендіру және энергетика департаментінің директоры Рысбек Ахметбеков, ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС – «Батыс» филиалы Маңғыстау бөлімшесіне қарасты Маңғыстау локомотив пайдалану депосы локомотив бригадаларының аға машинист-нұсқаушысы Руслан Екшембаев, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС филиалы Ақмола ЖТ бөлімшесіне қарасты Нұр-Сұлтан станциясының жоспарлау-экономикалық бөлімінің бастығы Рахима Тайтөлеева марапатталса, «Ерен еңбегі үшін» медалін Компанияның Маркетинг және транзиттік саясат департаментінің директоры Әйгерім Мұхамедрахимова, Алматы ЖТ бөлімшесіне қарасты Үштөбе станциясының пойыз құрастырушысы Асылхан Қауызбаев, Жамбыл магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Жамбыл станциясы өрт сөндіру пойызының бастығы Марат Керімқұлов, Құсмұрын дистанциясының жол бригадирі Асқар Исумбаев, Екібастұз жол дистанциясының шебері Айдар Хамзабаев алды.  

Сонымен қатар биыл алғаш рет ұсынылып отырған «ҚТЖ» ҰК» АҚ дамуына қосқан ерекше үлесі үшін» төсбелгісімен Орталық ардагерлер кеңесінің төрағасы Болатбек Дүйсемалиев, «Досжан темір жолы» АҚ президентінің кеңесшісі Борис Есенаманов, Шымкент ЖТ бөлімшесі техникалық бөлімінің жетекші инженері Людмила Квон марапатталса, Самұрық-Қазына тарапынан «Акционерлік қоғамның құрметті қызметкері» атағына «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – Көпфункционалды қызмет көрсету орталығының кадр әкімшілігі департаментінің бас менеджері Сәуле Қалмағамбетова ие болды.  

Ал жүк вагондарының ұлттық операторы «Қазтеміртранс» АҚ басшылығы бір топ үздік қызметкерлерін «Қазтеміртранс» АҚ – 20 жыл» мерейтойлық меделімен, Құрмет грамотасымен, «ҚТЖ» ҰК» АҚ дамуына қосқан ерекше үлесі үшін» төсбелгісімен Татьяна Касаткина марапатталды.  

Ресми бөлімнен соң салтанатты жиынға жиналған жұртшылық теміржолшы өнерпаздардың ән-биден шашу шашқан мерекелік концертін тамашалап, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті