Өзбекстан мен Қазақстан теміржолшылары мен кеденшілері халықаралық жүк қатынасында қағазсыз орта құруға ниетті

Жаңалықтар
08.11.2023, 11:35

Бейне-конференц-байланыс форматында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және «Узбекистон темир йуллари» АҚ басшыларының Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мен Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік Кеден комитетінің өкілдерін шақыра отырып, кеңесі болып өтті.

Қатысушылар Қазақстан Республикасы аумағына әкелінетін жүктер туралы электрондық деректермен алмасу, тасымалдаушылардың ақпараттық жүйелерін одан әрі интеграциялау, сондай-ақ кеден органдарымен өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Кездесуде ҚТЖ өндірістік процестер жөніндегі басқарушы директоры Бауыржан Орынбасаров Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы теміржол көлігімен жүк тасымалы өсімінің оң серпінін атап өтті. 2023 жылдың 9 айында тасымалдау көлемі 23 млн тоннаны құрады, бұл 2022 жылдың ұқсас көрсеткішінен 24% жоғары. Өзбекстанға экспорт 30% өсіп, 9,8 млн тоннаға жетті. Астық экспорты 30% (2,6 млн тонна), көмір экспорты 2 есе (2,1 млн тонна) өсті.

Қазіргі уақытта екі ел теміржолшылары теміржол жүкқұжаты және тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелерімен жүктерді тасымалдау бойынша электрондық деректер алмасуды жүзеге асырады.

Қағазсыз тасымалдауды ұлғайту үшін халықаралық жүк қатынасында кеден органдарымен және тасымалдаушылармен электрондық өзара іс-қимыл жүзеге асырылады.

Транзиттік тасымалдарда тасымалдау құжаттарының электрондық алмасуын пайдалану жүк жөнелтушілер мен жүк алушыларға айтарлықтай экономикалық әсер етеді, жүктерді тасымалдауды жылдамдатып, құжаттарды ресімдеуді жарты сағатқа дейін жеделдетеді және түйіскен мемлекетаралық пункттер арқылы қабылдауды/тапсыруды арттырады.

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты