Экономика министрі мен Дүниежүзілік банк Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту перспективаларын талқылады

Жаңалықтар
30.11.2023, 10:17
Фото: Экономика министрлігі

Астанада ҚР Ұлттық экономика министрі, Қазақстаннан Дүниежүзілік банктің басқарушысы Әлібек Қуантыров ДБ (Дүниежүзілік Банк) өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Дүниежүзілік Банктің консультанттар тобы «Орта сауда-көлік дәлізі: 2030 жылға қарай жүк тасымалы көлемін үш есе ұлғайту және жол жүру уақытын екі есе қысқарту үшін қажетті стратегиялық шешімдер мен инвестициялар» зерттеуінің негізгі қорытындыларын ұсынды.

Баяндамада көлікке сұранысты қанағаттандыру және Қазақстанда, Әзірбайжанда және Грузияда экономикалық дамуды қолдау үшін қажетті негізгі бағыттар мен инвестициялар айқындалған. Транскаспий маршрутындағы жүк тасымалының ағымдағы көлемін 3 есе арттыруға көмектесетін ықтимал шешімдерге талдау жасалды. Ақпараттық жүйелерді, су және теміржол көлігін оңтайландыру мәселелері талқыланды.

ДБ мәліметтері бойынша,  ТХКБ (Транскаспий халықаралық көлік бағыты) басқару тиімділігін арттыру Еуропалық одақпен сауда көлемін 28%-ға, сондай-ақ Грузия және Әзірбайжанмен тауар айналымын 37%-ға ұлғайтады. Тауарлардың өткізу қабілетін арттыру үшін Түркия, Грузия, Әзірбайжан және Қытаймен үйлестіру перспективалары анықталды.

ҰЭМ басшысы атап өткендей, құжаттың басым бағыттары біздің негізгі тасымал жолдарды әртараптандыруға және халықаралық сауданы дамыту үшін әлеуетті арттыруға мүмкіндік береді. ТХКБ ең перспективалы бағыттардың бірі болып табылады.

Өз кезегінде Дүниежүзілік банктің ҚР-дағы Тұрақты өкілі Андрей Михнев осы бағытты дамытуға дайын екенін жеткізді.

Жиын соңында ҰЭМ басшысы Дүниежүзілік Банкке атқарылған жұмыстар мен әзірленген ұсыныстар үшін алғысын айтып, ынтымақтастыққа әрдайым ашық екенін білдірді.

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті