Абай облысында екі жаңа теміржол бағыты іске қосылды

Жаңалықтар
15.12.2023, 18:34

Себебі бүгіннен бастап "Шар-Семей" және "Ақтоғай-Аягөзге" қарай тікелей қатынайтын теміржол бағыты іске қосылды, деп жазды inbusiness.kz.  

Екі бағытқа ашылған жолаушылар пойызының бағасы қол жетімді, уақыты ыңғайлы. Өйткені пойыз Шар қаласынан таңғы 6:25-те шығып, Семей қаласына 9:14-те келеді. Ал, Семейден қайтар жолға пойыз 17:40-та шығып, Шарға 20:14-те жетеді. Яғни, жаңа бағыттар арқылы жүретін пойыздың уақыты үш сағаттан аз.

"Бүгін Тәуелсіздік күні қарсаңында "Қазақстан темір жолы" ҰК" Жолаушылар тасымалы" АҚ  Абай облыс әкімдігінің тапсырысы бойынша "Шар-Семей" және "Ақтоғай-Аягөз" жаңа теміржол бағыттарына екі пойызды іске қосуды ұйымдастырды. Пойыз бағыттары әлеуметтік маңызы бар болғандықтан, тасымалдаушылар оңтайлы тариф белгіледі. Азаматтар Ақтоғайдан Аягөзге дейін жол жүру үшін 650 теңге, Семейден Шарға дейін– 557 теңге төлейді" , - деп атап өтті "Қазақстан темір жолы" ҰК" жолаушылар тасымалы" АҚ "Қала маңындағы тасымал" филиалы директоры Сергей Балашов.

Шар және Семей қалаларына қатынайтын пойыз бүгін алғашқы сапарын жасады. Алдағы уақытта келушілер санына қарай қосымша вагондар және басқа да теміржол бағыттарын ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізілмек.  

"2024 жылға Абай облысының әкімдігі тағы екі бағытты: "Семей-Дегелен" және "Семей-Аулды" іске қосуды жоспарлап отыр. Жалпы ашылған бағыттарға билеттерді  жолсеріктің мобильді терминалы, интернет-сатылымдар арқылы және кассалардан сатып алуға болады", - деп қорытындылады Сергей Балашов.

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады