Шешендік те шеберлік

Жаңалықтар
21.12.2023, 13:51
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Форум аясында жастарға арнап бірқатар тренингтер өткізілді. Солардың бірі белгілі тренер Мақсат Жансейітовтің «Көпшілік алдында сөз сөйлеу» тренингі болды.  

Тренингте көпшілік алдында таныстырылым жасау ерекшеліктері, сөз сөйлеудегі мәнер,  бизнесмендерге, шенеуніктерге арналған таныстырылымдар қалай ерекшеленеді, аудиторияны өзіңе қарата білуге арналған әдістер, аудиторияға сіздің сөзіңіздің ұнамау себептерінің белгілері, тиімді сөз сөйлеу композициясы деген тақырыптар бойынша теориялық  білім берілді.  

  – Біз осындай форумдардан бөлек көптеген іс-шараларда онсыз да көпшілік алдына жиі шығамыз. Яғни көптің алдына шығу таңсық емес. Дегенмен құр сөйлемей, елді өзіңе, сөзіңе ұйыта білу, оларға өз білгеніңді жүйелі түрде жеткізіп, санасына сіңіру басқа әңгіме. Бүгінгі тренинг осы бағытта білім беріп, өзіңді адамдардың алдында ұстауды, дұрыс бағытта сөйлеуді үйретіп және көшбасшылық қасиеттеріңді нығайтады деп білем, – деп әсерімен бөлісті ақтөбелік инженер-технолог Дархан Әнуаров. 

Компанияда 2013 жылдан бері жолсерік болып істеп, 2022 жылы трансформация негізінде өзгертулер мен жаңа бағытта ашылған, барлық Батыс аймақты біріктірген Пойыздарды басқару орталығында қызметін жалғастырған Дархан  компанияның  Жастар саясатына 2014 жылдан бері белсенді қатысып келеді. 2018 жылдан бастап Ақтөбе жастарының жетекшісі, әрі КВН Лигасының белсенді қатысушысы.  

Оның айтуынша, Жастар форумында компанияның алға қойған мақсаты, стратегиясы айтылады. Ал жастардың міндеті – сол стратегияны одан әрі дамыту.  – Компания жыл сайын біздей жастарға жаңа бағыттағы оқулар мен тәжірибелерді ұсынып, біліктілігімізді арттырады. Есесіне біздер компаниямыздың алға қарай дамуына үлесімізді қосып, жаңа тың бағдарламалармен жобаларды ұсынамыз. Осы кезге дейін дәл осы форумға қатысқан көптеген жастарды танимын. Біздерге үлгі болатындай ақыл-кеңестерін береді. Олардың көбі қазіргі таңда бас инженер, станция және бөлім басшылары қызметтерінде еңбек етуде. Компанияның қолдауымен жастар шетелге де барып, түрлі іс-шаралар арқылы тәжірибе жинақтайды. Қазір мүмкіндіктер уакыты, сол себепті тек еңбек ету керек. Компания жастарға сенеді, оған бірден бір дәлел – мына мен, түрлі ротациядан өттім, алдағы уақытта компаниямның дамуына үлесімді қосамын деп айта аламын, – дейді Дархан сөзін толықтырып.  

«Тиімді келіссөздер» қалай жүргізіледі?  

Форумның екінші күні жастар  «Тиімді келіссөздер» тренингіне қатысты.  Оны бизнес-тренер, кәсіби спикер, ментор Светлана Каплина өткізді. Айтуынша, ол бұл форумға екінші рет қатысып, жас теміржолшыларға білгенін үйретуде.  

– Келіссөздерге дайындық – табыстың 70 пайыз кепілі. Тренинг барысында «Тәуекел-Нәтиже – Ақпарат-Стратегия – Контекст» үлгісі бойынша келіссөздер жүргізу машықтарын үйреттім. Қатысушылар келіссөз жүргізу машықтарына дағдыланып, өздерінің әлсіз және мықты жақтарын анықтайтындай тәжірибелік тапсырмалар берілді. Келіссөз жүргізудің 5 стратегиясын зерделеп, өз позицияңды қалай нығайтуға болатынын, табысты келіссөз жүргізуші қандай біліктіліктерге ие болатынын көрсетіп бердік. Келіссөздер – күрес пен ынтымақтастықтың қоспасынан тұрады, қатысушылар келіссөздерге талдау жүргізуді үйренді, – дейді тренер.  

Осы тренингке қатысушы, «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Бас есептеу орталығы» филиалы Достық станциясының Бірінші желілік қолдау бөлімшесінің жетекші инженер электроншысы Құттыбек Мергенбай алған әсерімен бөлісті. Теміржол саласында 11 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан ол жұмыс барысында келіссөздер қажеттілігі жиі туындайтынын айтады.  

 – Достық станциясында инженер-технолог болып қызметімді бастағанмын. Форумға шақыртумен келдім. Алматыда өткен форумға белсенді қатыстым.  Тренингте айтылған дүниелер бәріне белгілі нәрсе сияқты болғанымен тәжірибеде қолдану қиын, сол жағын жеткізіп, түсіндіріп айтты. Алдымен слайдтар арқылы теориялық білім берді. Сосын қатысушылардың өзара сөйлесуі арқылы тәжірибеде сынап көрді. Әр топқа 3 адамнан бірігіп, 10 минут ішінде өз өміріміздегі сәтті келіссөздер туралы айттық. Іскерлік сұхбат барысында екі қатысушы бір-біріне сұрақтар қойып, сценарий бойынша келіссөз жүргізеді. Келіссөз жүргізудің 5 стратегиясына иілу, икемделу, компромисс, сайыс, ынтымақтастық жататынын білдік. Енді сол алған білімді тәжірибеде қолданамын деп ойлаймын. Әсіресе, менің жұмысымда келіссөздер жүргізудің қажеттілігі басым. Енді сондай жұмыстар барысында әр сөзіме мән беріп, дұрыс сөздерді қолданып, екі жаққа тиімді мәмілеге келудің жолдарын істейтін боламын. Жалпы бірінші рет қатысып отырған бұл форум маған өте қатты ұнады, бағдарламасы өте маңызды, әрі қызықты болды, – дейді ол.  

«Мінез-құлық этикасы» қалай қалыптасады?

Белгілі тренер, коуч Латина Саттарова өткізген тренинг «Мінез-құлық этикасы» воркшобы деп аталды. Мотивациялық кітап авторы және салада 15 жылдық тәжірибесі бар тренер қатысушылардың өзара пікір алмасуына арналған сұрақ-тапсырмалар берді.  

Тренер әріптестер арасындағы ішкі коммуникация, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, мүдделер соқтығысы, нағыз кәсіби маманның этикалық қасиеттері, қызметтік этика қандай қағидаттарға сүйенеді деген тақырыптарда сөз қозғады. Сонымен қатар адал, сыпайы адам, әділетті қызметкер қандай болады, қандай мәселелерді әріптестермен талқылауға болмайды деген мәселелерге де мән берілді.  

Тренингке қатысқан «ҚТЖ-100 жас есім» жобасының қатысушысы, қазалылық машинист Тоқтар Әлмаханов осы тренинг өте жақсы деңгейде өткені сонша, 3 сағаттың қалай өткенін байқамай қалғанын айтады.  

– Тренинг барысында ұжым арасында жанжал болған жағдайда қалай шешу жолдарын және жұмысшы мен жұмыс беруші арасында түсінбестік болғанда қандай іс-әрекеттер жасау керек екенін оқытты. Бұл алған білімімізді алдағы уақытта жұмыста тиімді пайдаланып, ұжымдық көңіл-күйді жақсартуға жұмсаймыз. Форумға 5 рет қатыстым, салада 9 жылдан бері еңбек етемін. Осындай ауқымды, біздер үшін маңызды іс-шараны ұйымдастырып, жастарға зор мүмкіндіктер бергені үшін ҚТЖ басшылығына үлкен алғысымды білдіремін, – дейді ол.  

Форум аясында сонымен қатар белгілі тренер Жанна Ибраева «Көшбасшылық және виталды интеллект» тақырыбында да тренинг өткізді.  

 

Жаңалықтар
22.05.2026
Қазақстан мен Өзбекстан теміржолшылары тасымалдар мен порт инфрақұрылымын дамыту жайын талқылады
Жаңалықтар
22.05.2026
Қазақстан мен ЕО Транскаспий дәлізін дамыту мәселелерін талқылады
Жүк тасымалы
22.05.2026
Қытай мен Ауғанстан арасында Түрікменстан арқылы өтетін жаңа логистикалық бағыт іске қосылды
Аймақтар
22.05.2026
Семей теміржолында кешенді жұмыс қарқын алды
Аймақтар
22.05.2026
Жаз маусымына дайындық бағаланды
Аймақтар
22.05.2026
Ардагерлер кеңесі өтті
Инфрақұрылым
22.05.2026
Ақтөбе вокзалында жолаушыларға барлық жағдай жасалады
Аймақтар
22.05.2026
Ардагер Нұрғали Төлеповке ескерткіш тақта орнатылды
Жаңалықтар / Мұрағат
22.05.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №39 22 мамыр 2026 жыл
ҚТЖ келбеті
21.05.2026
Жол үстіндегі жиырма жыл
Әлемде
21.05.2026
Бішкектен Ыстықкөл жағалауына дейінгі пойыз маусым айында іске қосылады
Жүк тасымалы
21.05.2026
Қазақстанда контейнерлік тасымал көлемі артып келеді
Аймақтар
20.05.2026
Қызылорда облысының әкімі Шиелі вокзалының құрылысымен танысты
Әлемде
20.05.2026
Ханчжоу метросы үшін автоматтандырылған пойыз таныстырылды
Спорт
20.05.2026
Жеңімпазды сән-салтанатпен қарсы алды
Жаңалықтар
20.05.2026
Жол жүру ережесін бұзған 200-ден астам жолаушы пойыздан түсірілді
Әлемде
20.05.2026
Бішкек «Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан» теміржол жобасына Қытайдан 305 млн доллар алады
Жаңалықтар
19.05.2026
Түркістан облысында Сырдария өзені арқылы өтетін бірегей теміржол көпірі салынуда
Әлемде
19.05.2026
Баку–Тбилиси–Баку жолаушылар пойызының қозғалысы қайта жанданды
Аймақтар
19.05.2026
Маңғыстауда Транскаспий бағыты арқылы өтетін жүк тасымалы өсті