Өңірлер визиткасы – өнер жиынтығы

Жаңалықтар
22.12.2023, 10:48
Оқуға 3 мин
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Жылда желтоқсанда өтетін теміржол жастарының республикалық форумы аясында дәстүрлі түрде жалғасын тауып келе жатқан көңілді сайыс «Өңірлер визиткасы» аталады. Мұнда жастарға әртістік қабілеті, креативтілігі мен сахналық киімдерінің сан алуандығы бойынша баға беріледі.

Биыл бұл байқауға 13 команда қатысты. Магистральдық желі дирекциясы директорының корпоративтік мәселелер жөніндегі орынбасары Рамазан Садырқұлов, «Көркем-студио» ЖШС директоры Жеңіс Ағыбай, «Самұрық-Қазына» АҚ құқықтық қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары Ілияс Ерназаров, «Самұрық-Қазына» АҚ атқарушы директоры – адами ресурстарды басқару және әлеуметтік саясат департаментінің директоры Әділжан Исмұхамбетов, ҚТЖ-ның Көпфункционалды қызмет көрсету орталығының директоры Мадияр Сұлтанбек қазылық еткен «Өңірлер визиткасы» сайысын Қостанай, Ақмола өңірлерінің бірлескен командасы бастады. Заманауи ән ырғағымен билеген олардың өнері көпшілікті тәнті етті. Одан әрі сайысты жалғаған Павлодар командасы шетелдік фантастикалық кино «Матрица» бойынша ән мен биден музыкалық қойылым қойды. Қарағандылық жастардың да шығыс үлгісіндегі киімде өнер көрсетуі, флейтада ойнауы көрермендердің есінде қалды. Ал Өскемен мен Семей теміржолшыларынан құралған команда «Аладдин мен сиқырлы шам ертегісі» желісінде заманауи әуенмен әрлей отырып, тұтас бір театрлық қойылым көрсетті, олар да костюмдерінің ерекшелігімен көзге түсті. Алматы жол бөлімшесінің жастары бұл байқауда Серік Ибрагимовтің «Вокзалда қауышқан қыз», Ұланғасыр Қамидің «Балқия» және Ninety one тобының «Айыптама» өлеңдеріне пародия жасады. 

– Темір жолға байланысты болған соң С.Ибрагимовтің осы өлеңіне Алматы-1 вокзалында клип түсірдік. Сосын қазіргі трендте жүрген «Балқия» әніне көрініс қойдық, соңында «Айыптама» өлеңімен аяқтадық. Бұл форумға Алматыдан 14 теміржолшы және 5 студент қатысты. Бәрі жақсы дайындықпен келді, жалпы биыл барлық командада үлкен өзгерістер бар екені байқалады, – дейді Достық станциясы кәсіподағының төрағасы Данияр Бимашев. 

Жамбыл жастары «Ирина Кайратовна» тобының Чина әніне билеп, сахнадағы экранға ауыл жастарының төбелесінен бейнероликтер көрсетті. Шымкенттік теміржол командасы Ю.Шатуновтың әніне жазылған қазақша «Қызыл раушан» әнімен сахнаға шығып, «Слово пацана» киносынан көріністер қойды. Қызылорда жастары жақында ҚТЖ-да іске қосылған «Ұлттық сезім» жобасына орай ұлттық киімдермен сахна төріне тумен көтеріліп, «Туған елге» әніне көрініс көрсетті. 

– Визитка көрсету барысында Сыр елінде болып жатқан қайырымдылық іс-шараларына теміржолшылардың қалай араласып жүргенін экран арқылы көрсеттік. Ұлттық нақыштағы киімдерімізді киіп, қазақылықтың қаймағы бұзылмаған Сыр елінің сәлемін жеткіздік. Жалпы Қызылордадан 9 жас теміржолшы келдік. Өзім бұл форумға 2018 жылдан бері қатысып келемін, – дейді Сексеуіл локомотив пайдалану депосы бастығының орынбасары Еркебұлан Аяғанов. 

Ақтөбе жастарының визиткасы әлем және қазақ поэзиясының жауһарларын мәнерлеп оқумен ерекшеленді. «Ромео-Джульетта» поэмасынан бастап, Сергей Есениннің өлеңімен жалғаған олар Абайдың жырларын оқып, Алаш қайраткерлерінің, соның ішінде Бес арыстың образын сахнаға алып шықты. Міржақыптың «Оян, қазақ!» өлеңін оқып, көрермендерді жігерлі жырларымен тебірентті. Жапонның ұлттық киімдерімен де шығып, өнер көрсетті. Олардың ерекше қойылымы Қазылар алқасы тарапынан жоғары бағаланды. Сол сияқты Орал теміржолшылары Виктор Цойдың шығармашылығы арқылы өз өнерін паш етті. Атырау «Көке» образындағы қарт, яғни бұрынғы осы форумға қатысушы теміржолшының естеліктері аясында өнерпаздардың заманауи ән, биіне құрылған қойылымымен ерекшеленді. Маңғыстау «Гангамстайл» әнімен би қимылдарын көрсетсе, Астана жастары бір мезетте 40 адам болып сахнаға шығып, заманауи әндерден креативті флешмоб жасады. Байқаудың қорытындысын жариялау форумның жабылу салтанатына қалдырылды. Жалпы бұл сайыс форумға қатысушы жастардың жыл өткен сайын өнер әлемінде шыңдалып, кәсіби тұрғыда дараланып келе жатқанын байқатты. 

Жарыс нәтижесінде Жамбыл бөлімшесінің жастары бірінші орын алды. Екінші орынды Ақтөбе, Атырау және Өскемен мен Семейдің біріккен командасы иеленді. Үшінші орынды Алматы, Павлодар, Шымкент теміржолшылары өзара бөлісті.

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды