Қазақстан темір жолына – 120 жыл. Байқау жарияланды

Жаңалықтар
06.02.2024, 11:07
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Биыл Қазақстан темір жолына – 120 жыл. Ғасырдан астам уақыт ел игілігіне қызмет етіп, дамып, жетіліп келе жатқан болат жолдардың салынуы мен өсіп-өркендеу кезеңдері талай тағлымды тарихи оқиғаларға арқау болады.

«Өткенге риза болу, бүгінгі күннен рухани ләззат алу, болашақта бізді күтетін нәтижелерге қанағаттанудан асқан саяхат жоқ» дегендей, осы жылы Атырау қосалқы бөлімшесі кәсіподақ комитеті осы атаулы жыл аясында Атырау теміржолының тарихын, бүгінгі тыныс-тіршілігін, дамуына үлес қосқан қарапайым еңбек адамдарының өмірін насихаттау мақсатында Бұқаралық ақпарат құралдары арасында байқау жариялауды жоспарлап отыр. Кәсіподақ төрағасы Боранбай Қамиевтің айтуынша, байқау ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауындағы стратегиялық маңызы бар міндеттің бірі ретінде көрсеткен көлік-логистика саласының әлеуетін толық пайдалану туралы тапсырмасымен де үндес келеді. «Сонымен қатар осы айлар ішінде Атырау теміржолының тарихына арналған кітап-энциклопедия шығаруды да қолға алмақшымыз. Бұл шаралар халықтың темір жол тарихымен сусындауына жағымды ықпал етіп, өңір теміржолшыларының мерейін көтереді деп сенеміз», – дейді төраға.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады