Ардагерлердің өнегелі өмір жолы

Жаңалықтар
08.05.2024, 11:38
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбедегі теміржолшылар мұражайында Ұлы Отан соғысына қатысқан теміржолшыларға арналған арнайы секция бар. Онда қан майданды көрген ардагер теміржолшылардың өнегелі өмір жолы жайлы дерек көп.

Батыс Қазақстан теміржолының тарихынан сыр шерткен Ақтөбе мұражайында 20-дан аса Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімі хаттаулы. 1941-1945 жылдары майдан даласында болған теміржолшылардың суреті қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлова бейнеленген баннерге қойылған. Отан үшін шайқасқандар мен еңбек майданына қатысқан ардагерлер туралы ақпарат мұражайда альбом ретінде сақталған. 

Жаңбырбай Шақаев, Жанай Қарабалдин, Александр Британский, Күлпаш Тәженов, Шамша Сәлімбаев секілді Құрметті теміржолшылардың еңбегі жазылған альбом ескі болса да құнды. Әр беті бір теміржолшыға арналған. Көпшілігі соғыс кезінде жол дистанциясында еңбек еткендер. 

«Ендігі кезекте ерлерімізді ұлықтап, олардың туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін, Отанын жанқиярлық сезіммен қорғауын дәріптеп, жастардың ұлттық сана-сезімін оятуға жағдай жасау міндеті тұр. Сондықтан мұражайымызда осындай орын дайындадық. Әр есім – тұлға, батыр. Қоғамның дамуы мен келешек ұрпаққа патриоттық тәрбие беру үшін олардың жанқияр еңбегін насихаттауымыз керек», – деді мұражай қызметкері Анар Жұбаева. 

Мұражайда өткен ғасырда отандық теміржол көлігінің тарихын жасаған тұлғалар туралы мәліметтер аз емес. Теміржолшылардың революцияға және азамат соғысына қатысуы, темір жолды қалпына келтіру, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы, соғыстан кейінгі бесжылдықтар, еңбек ұжымдары туралы жүздеген құжат бар. Сонымен қатар соғыс кезінде қолданған теміржол бұйымдары, жолға қажет бөлшектер, станцияда қолданған заттар, ескі телефондар, т.т сақталған. 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды