Ақпараттық технологияда жаңа үрдістер
Ұлттық компанияның ақпараттық технологиялар және мәліметтерді басқару департаментінің ең негізгі міндеттерінің бірі – ақпараттық технологиялар (АТ) активтерін басқаруға бақылау жүргізу.
Осы жылдың наурыз айында департамент теміржолдағы 1500 жұмыс станциясын Microsoft Office 365 бағдарламалық қамту бойынша жобаны бастады. Бұл өнім жазылушылар базасы арқылы ұсынылады. Енгізу жоспары жасалып, АТ инфрақұрылымына талдау жүргізілді және аталған бағдарламалық қамту орнатылатын жұмыс станциялары анықталды. Бүгінгі таңда жоба шеңберіндегі жұмыстар аяқталуға жақын.
Қоғам алдында Microsoft Office БҚ бойынша лицензиялау жұмыстарын шешу міндеті тұр. Microsoft компаниясы өздерінің ресми жолдауларында бұған дейінгі лицензияларды растау туралы мәлімдеген болатын. Аудиттік тексеріс бола қалған жағдайда Microsoft-тың Қоғамға айыппұл санкцияларын салу қаупі бар. Мәселені шешу үшін департамент құрылымдық теміржол бөлімшелері мен еншілес кәсіпорындардан Microsoft Office өнімдеріне лицензияға сұраныс жинауды бастады. Сонымен бүгінде Қоғам филиалдары мен корпоративтік орталық бойынша 10928 лицензия қажеттілігі, еншілес ұйымдарға 8753 лицензия керектігі анықталды. Жалпы қорытындысында – 19681 лицензияға сұраныс бар.
Қажетті лицензиялар көлемінің көптігі мен қаражатты үнемдеу қажеттілігіне байланысты құрылымдық бөлімшелермен бірге қажеттіліктерді азайту мақсатында қайта есептеу жұмыстары жүргізілуде. Қажеттіліктер бойынша сауалнамалар қайта жасалып, әрбір санның растығына қатты назар аударылуда. Оның қорытындысы жақында белгілі болмақ. Содан кейін жетпейтін лицензияларды тезірек алу керек. Қаржыны үнемдеу үшін қолданушылардың бір бөлігін қолданыс үшін төлемақы сұрамайтын опенсорс шешімге аудару жөнінде мәселе қарастырылуда. Қазіргі таңда осы опенсорс шешімдер арқылы теміржол желісінде қолданылатын ақпараттық жүйелердің үйлесімділігіне толық талдау жүргізілуде. Оның нәтижесі оң болса компания Microsoft Office өнімдеріне лицензия сатып алу шығындарының бірқатар бөліктерін қысқартпақ.
Соңғы айларда департамент компанияда ақпараттық технологияларды дамытуға арналған стратегиялық бағыттарды анықтауға күш салуда. Бұл қызметтің нәтижесі ретінде 2025 жылға дейін «ҚТЖ» ҰК» АҚ ақпараттық технологияларды дамыту стратегиясы» деп аталатын – «Сандық теміржол» құжаты қарастырылады. Бүгінде аталған құжат компанияның ғылыми-техникалық кеңесі тарапынан қолдау тапты. Келесі қадам ақпараттық технологияның даму бағытын шілде айында басқарма арқылы келісіп, тамыз-қыркүйекте директорлар кеңесі арқылы бекіту болып отыр. Сонымен қоса оны басқару бойынша тиімді үрдістердің маңыздылығын атап өту керек. Бұл жағынан барлық мәселелер үрдістік тұрғыдан қарау көзқарасының жоқтығынан болып отыр. Жыл басынан бері департамент ақпараттық технологияны басқарудан ең бір қиын, өзектілерінен бастап үрдістерді енгізіп келеді. Маусым айында қоғамның АТ қолданушыларына қызмет көрсету үрдісі бойынша шешімдер анықталып, тәртібі жасалды. Осындай жұмыстардан соң АТ қызметтерді ұсыну сапасы анағұрлым жақсарады деп күтіліп отыр. Жыл соңына дейін осы бойынша өзге де үрдістерді енгізу жоспарлануда.
Райхан РАХМЕТОВА
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды