Сала еңбеккерлері марапатталды

Жаңалықтар
24.10.2024, 16:59
Суретті түсірген Александр Жабчук
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Республика күні қарсаңында теміржолшылар көлік саласы мен елдің дамуына қосқан елеулі үлестері үшін мемлекеттік және партиялық наградалармен марапатталды.  

Салтанатты жиында «Самұрық-Қазына» АҚ басшысы Нұрлан Жақыпов «Kazlogistics» ЗТБ бас директоры Қанат Әлмағамбетовке «Парасат» орденін табыс етті.  «ҚТЖ» ҰК» АҚ Аппарат басшысы Серік Кеулімжаев пен Семей магистральдық желі бөлімшесінің жол бригадирі Николай Санков «Құрмет» орденінің иегерлері атанды.  

«Ерен еңбегі үшін» медальдары Қарағанды магистральдық желі бөлімшесінің жол шебері Болат Бекеновке, Павлодар жүк тасымалы бөлімшесі Павлодар технологиялық орталығының бастығы Бақыт Жансақбаеваға табысталды. Ал «Белсенді қызметі үшін» партиялық наградасымен Павлодар магистральдық желі бөлімшесі директорының орынбасары Қанат Сатабаев марапатталды.

«ҚТЖ» ұлттық компаниясында да марапат жауған күн болды. Компанияның аппарат жетекшісі Серік Кеулімжаев «Қазақстан темір жолына – 120 жыл» мерекелік медалімен саланың өсіп-өркендеуіне, дамуына сүбелі үлес қосқан теміржол саласының әртүрлі қызметтерінде тер төгіп жүрген мамандарды марапаттады. Олардың қатарында БАҚ-пен жұмыс департаментінің бас менеджерлері Любовь Подоляк пен Зарина Добенова бар.  

 

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады