Біз туралы
«Қазақстан теміржолшысы» газеті Қазақстан темір жолының қалыптасуының барлық кезеңдерін көрсете отырып, оның жылнамасын жүргізіп келеді. Түркістан-Сібір темір жолының құрылысы кезінде алғашқы баспа парақшалары жарық көре бастады. Салалық басылым 1931 жылы мерзімді баспасөз мәртебесіне ие болғанда ол «Түрксіб» газеті деп аталды. Алғашында газет орыс тілінде жарық көргенімен, 1935 жылдың шілдесінде қазақ тілінде шыға бастады. Кейін газет біраз уақыт «Теміржолшылар» атауымен шықты, 1958 жылы біріккен Қазақстан темір жолы құрылғанда бұл басылымға да әсер етті. Содан бастап газет «Қазақстан теміржолшысы» деген жаңа атау алып, 10 мың дана таралыммен шықты. Қазақ темір жолы үшке бөлінгенде бұл салалық басылымға тағы да әсер етті. «Новь Турксиба», «Целинная магистраль», «Батысжол» газеттері 20 жылға жуық өмір сүрді. Тек 1997 жылы «ҚТЖ» РМК құрылғаннан кейін бұрын өз алдына шығып жатқан үш жол басылымы «Қазақстан теміржолшысы» газеті болып біріктірілді. 2016 жылдың қаңтар айында «Қазақстан теміржолшысы» газетінің желілік басылымы іске қосылды. Бастапқыда сайт мерзімді басылымының электронды нұсқасы болса, 2018 жылдың қыркүйегінде тәуелсіз желілік басылым мәртебесін алды. Қазір сайтта Қазақстан Республикасының көлік-логистика саласы, инфрақұрылым, теміржол көлігі және машина жасау саласының жаңалықтары жарияланады.