Ақмола теміржолшылары республикалық ІТ-семинардың жеңімпазы атанды

Жаңалықтар
19.11.2024, 18:20
Фото Александра Жабчука

Елордада жүк тасымалы саласында автоматтандырылған басқару жүйелері мен ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуі мәселелеріне арналған IV Республикалық оқыту тренинг-семинары өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Іс-шара онлайн форматта өткен өңірлік тренингтер сериясының финалы болды.  Республикалық тренингке Маңғыстау, Шымкент, Қарағанды, Семей, Ақмола және Жамбыл жүк тасымалдау бөлімшелерінің өңірлік семинарларының 6 жеңімпаз командасы қатысты.

Тренингтің негізгі мақсаты жүк тасымалында қолданылатын автоматтандырылған басқару жүйелері мен ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуі мәселелері бойынша теориялық және практикалық білімді арттыру болды.  

"Саланың цифрлық трансформациясы жағдайында мұндай іс-шаралар мамандар арасында оқыту мен тәжірибе алмасуда шешуші рөл атқарады. Сонымен қатар, тренингте теміржол көлігі жұмысының тиімділігін арттыру және тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін цифрландыру саласындағы заманауи үрдістер мен шешімдер қарастырылды", — деп атап өтті тасымалдау процесінің технологиялық жүйелері департаментінің бас менеджері Жазира Өміржанова.

Семинарға қатысушылардың айтуынша, цифрландыру тасымалдау тиімділігін айтарлықтай арттыруға, логистиканы оңтайландыруға және адами фактормен байланысты тәуекелдерді азайтуға көмектеседі.

Тренинг-семинар қатысушыларды даярлаудың жоғары деңгейін және саланы цифрландыруға қызығушылықты көрсетті.

Семинар қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды. Бірінші орынды Ақмола ЖТ бөлімшесінің "Синегорье" командасы, екінші орынды Семей ЖТ бөлімшесінің "Абай" командасы иеленді. Үшінші орынды Маңғыстау ЖТ бөлімшесінің «Каспийские лидеры»  командасы иеленді.

Семинарға 100 жуық маман: командаларға қатысушылар,, өңірлік командаларға қатысушылар арасынан сарапшылар, "Бас есептеу орталығы" ҚТЖ филиалы, Ақпараттық қауіпсіздік қызметі, "ТрансТелеКом" АҚ қызметкерлері, "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС тәуекелдерді басқару мен кадрлық және әлеуметтік жұмыс департаменттерінің өкілдері жиналды.

Іс-шара білім мен тәжірибе алмасып қана қоймай, тасымалдау саласындағы инновациялық шешімдерді дамытудың негізгі бағыттарын белгілеуге мүмкіндік берді. Кездесуді "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС тасымалдау процесінің технологиялық жүйелері департаменті ұйымдастырды.

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда