Болашақ көшбасшылар елордада бас қосты

Жаңалықтар
20.12.2024, 09:10
Оқуға 2 мин
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Желтоқсанның 9-13 аралығында Астанада өткен «ҚТЖ» ҰК» АҚ теміржолшы жастарының ХІІІ республикалық жастар форумы 250-ге жуық өскелең ұрпақ өкілінің басын қосқан мазмұнды да маңызды шара болды. Форумға «ҚТЖ-100 жас есім» жобасының жеңімпаздары, «Жас үздік маман» республикалық кәсіби конкурсының финалистері, «ҚТЖ лигасы» КВН финалдық ойындарының, «Корпоративтік волонтер» конкурсының қатысушылары, жастар ісі жөніндегі кеңестің өңірлік өкілдері және «Самұрық Қазына» АҚ компаниялар тобына кіретін портфельдік компаниялардың шақырылған қонақтары, сондай-ақ М.Тынышпаев атындағы ALT университетінің студенттері қатысты.

Форум барысында компанияның жас қызметкерлеріне коммуникациялық алаңдар, компания басшыларымен және негізгі менеджерлерімен панельдік сессиялар, жеке және іскерлік құзыреттілікті дамыту бойынша оқыту тренингтері, зияткерлік ойын және тағы басқалар ұйымдастырылды.  

Форумның нәтижелері бойынша компанияның Басқарма төрағасы жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестің өңірлік өкілдері болып Ақмола аймағы бойынша – Ақмола ЖТ бөлімшесінің персонал жөніндегі менеджері Нұргүл Айтен, Павлодар аймағы бойынша – Павлодар ЖТ бөлімшесінің қозғалыс қауіпсіздігі қызметінің бас маманы Дина Қоныспаева екі жыл мерзімге тағайындалды. Жастар ісі жөніндегі кеңестің ең белсенді өңірлік өкілі деп Кәмшат Серік танылды. Ол Қарағанды магистральдық желі бөлімшесінің жөндеу-құрылыс бригадасы сылақшысы, оған «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен оның еңбек ұжымы арасындағы ұжымдық шартқа сәйкес 30 (отыз) АЕК мөлшерінде біржолғы материалдық көмек беру қарастырылған.  

«Корпоративтік волонтер» байқауы бойынша «Үлкендерге қамқорлық», «Балаларға қамқорлық», «Табиғатқа қамқорлық», «Қоғам мен ортаны дамыту», «Спорт және денсаулық» аталымдары бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, марапатталды. Форум аясында теміржолдың талантты жастары әзірлеген 37 жобаның арасынан 18 жоба іріктеліп, жиынға қатысушылар мен сырттан келген қонақтарға, компания топ-менеджерлері назарына ұсынылды.  

Форум жұмысының қорытындысы бойынша осы жобалар ішінен «Теміржол вокзалдарының дизайн-коды» жобасы үздік деп танылып, бірінші орынға ие болды. «СО, СИЗ бақылауды есепке алуды жоспарлау рәсімін жақсарту» жобасы екінші орынға, ал «Чат-бот HR-көмек» жобасы үшінші орынға лайық деп танылды.

 

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды