Бірегей жобалар таныстырылды

Жаңалықтар
20.12.2024, 09:15
Оқуға 3 мин
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

ХІІІ республикалық жастар форумы «ҚТЖ-ның 100 жас есімі» бағдарламасының екінші ағынының дарынды жастары компанияның болашағы үшін қажет деп танылған үздік жобаларды таныстырды. Осы қатысушылар арасында екі маңызды жоба ұсынып және олар аудитория тарапынан жылы қабылданған «ҚТЖ Тапқырлары» командасы ерекше көзге түсті.

«Біздің командаға түрлі бағыттағы өз саласының білгір мамандары жиналған және негізгі жүктемеге қарамастан біз ҚТЖ жұмысының маңызды аспектілерін қозғайтын екі жобаны ұсындық. Бұл бастамалар қазіргі кемшіліктерді жоюға ғана емес, сонымен қатар компанияның дамуына негіз қалауға арналған. Біздің жобаларымыздың бірі «Теміржол вокзалдарының дизайн-коды» – ҚТЖ жастарының ұсынған 18 бастамасы арасында үздік деп танылды», – дейді команда капитаны Саят Мақсұт.  

«Теміржол вокзалдарының дизайн-коды» жобасының мақсаты – вокзалдардың тарихи бірегейлігін ескере отырып, оларды безендірудің негізгі элементтерін стандарттау болып табылады. Бұл идея көлік инфрақұрылымына қойылатын заманауи талаптарға сәйкес келетін жолаушылар үшін жайлы, функционалды және танылатын ортаны құруға бағытталған.  

Сонымен қатар команда жаңа қызметкерлерді бейімдеу үшін виртуалды көмекші Welcome-bot KTZ жобасын ұсынды.  

«Осы құралдың көмегімен, – деп түсіндіреді Саят, – әрбір жаңа қызметкер Компанияның корпоративтік мәдениетіне оңай еніп, оның миссиясы мен құндылықтары туралы біле алады, сонымен қатар қадамдық нұсқаулар мен бейнеоқулықтар ала алады. Сондай-ақ платформада техникалық мәселелерді жедел шешуге арналған Help-desk бар. Бұл жаңа қызметкерлердің өнімділігін арттыруға, талантты кадрлардың кетуін азайтуға, сондай-ақ корпоративішілік өмірге жаңа қызметкерлердің тартылуын арттыруға мүмкіндік береді».  

Бір қызығы, Welcome-Bot KTZ компанияның еншілес құрылымы «Әскерилендірілген теміржол күзеті» компаниясында пилоттық режимде сәтті сынақтан өтті. Ал ҚТЖ-да іске қосылуы 2025 жылдың қаңтарына жоспарланған.  

«ҚТЖ-ның 100 жас есімі» бағдарламасы қызметкерлерді ағымдағы процестерді оңтайландырып қана қоймай, ұлттық тасымалдаушының болашағын қалыптастыра алатын креативті шешімдерді іздеуге шабыттандыруды жалғастыруда. «ҚТЖ тапқырлары» сияқты талантты командалардың жобалары ҚТЖ өз жастарының инновациялары мен кәсібилігіне бәс тігетінінің жарқын дәлелі болып табылады.  

Локомотив шаруашылығы үшін келесі бір маңызды жоба «Цифрлық депо» деп аталады. Бұл жобаның мақсаты локомотивтердің техникалық жағдайы мен пайдалануына мониторинг және талдау жасау үшін цифрлық платформа құру болып табылады. Жоба жүзеге асырылғанда күтілетін нәтижеге келсек, біріншіден, локомотивті пайдалану тиімділігін арттырмақ, екіншіден, локомотивтердің кідірісін және жоспардан тыс жөндеуге кіруін 30% төмендетпек. Сондай-ақ 120 бірлік локомотивтің жоспардан тыс жөндеуіне кететін шығынын 180 млн теңгеге дейін үнемдеуге әкеледі деп болжануда.  

Магистральдық желі дирекциясының Адами ресурстарды басқару департаментінің бас менеджері Қырмызы Махамеджанова жетекшілік еткен келесі бір жоба «HRКөмек» чат-боты. Оның мақсаты – санаторлық-курорттық сауықтырудан бастап, 24/7 әлеуметтік мәселелер бойынша өзекті ақпараттарға қолжетімділікті қамтамасыз ететін қызметкерлер үшін коммуникацияның қосымша каналын құру. Бұл жоба 2025 жылдан бастап өзге әлеуметтік мәселелер бойынша деректердің ұсынылуын кеңейтуді жоспарлап отыр. Ал «HR-Көмек» чат-ботынан қандай нәтиже күтуге болады десек, бұл жоба қызметкердің ақпаратқа жедел қолжетімді болуы есебінен игерілмей қалатын жолдамалар санын төмендетпек, екіншіден, Компания еңбеккерлерінің қатысуы мен ниеттестігін арттыра түспек. Үшіншіден, HR қызметінің жұмыс уақытын оңтайландырып, анықтамалық ақпаратты ұсыну үдерісін автоматтандырылмақ.  

Бұл теміржол саласындағы талантты жастар ұсынған тың жобалардың бір легі. Әрине, әр жобаның ҚТЖ-ның дамуына қосар өзіндік үлесі, алар ерекше орны бар. Темір жолда өз кәсібін, мамандығын сүйетін және оны жетілдіру жолында тынбай еңбек ететін жастар барда ҚТЖ-ның болашағы жарқын болары сөзсіз.

 

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды