Келіссөз жүргізу де – өнер

Жаңалықтар
20.12.2024, 09:40
Оқуға 2 мин
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Жас теміржолшылар сонымен қатар «Көп алдында сөйлеу және келіссөздер жүргізу» атты тренингке қатысты. Бұл тренингте жастар келіссөздерді қалай жүргізуді, уағдаластыққа қол жеткізу жолдарын, сол бағыттағы әркімнің өз стилін анықтауды үйренді.

Маманның айтуынша, келіссөз жүргізуде оң нәтижеге қол жеткізуде көп нәрсе, яғни жетістіктің 70 пайызы дайындықты қалай жүргізгеніңе байланысты болады.  

– Көбі келіссөз жүргізуде мәселені сол сәтте барып шешіп тастаймын деп ойлайды. Алайда оған үлкен дайындық керек. Осы тұрғыда біз тренингте практикалық жаттығулар көрсетіп, әр қатысушының келіссөзді қалай жүргізетінін бақылаймыз және оған баға береміз, қай тұсын жөндеу керектігін айтып, кеңес ұсынамыз. Ұзақмерзімді серіктестікті сақтап қалудың жолдарын көрсетеміз. Менің тренингіме қатысушылар өмірде, жұмыста, тіпті отбасында жақсы қарым-қатынас орнатуда нақты бір нәтижелерге қол жеткізу үшін қандай машықтар қажет екенін түсінеді. ҚТЖ жастарымен бірнеше жылдан бері осы форум аясында жұмыс жүргізіп келемін. Бұл жастар өте белсенді, көңілді, тез қабылдағыш, көздері жанып тұрады. Кем дегенде 50 адам қатысады, – дейді келіссөздер бойынша жаттықтырушы Светлана Каплина.  

Тренингте келіссөздер барысында көңіл-күйдің өзгеруін де бақылау және оны басқара білу, ашуға бой алдырмау, барынша сабыр сақтау маңыздылығы айтылды.

– Бұл тренингте айтылған дүниелер менің жұмысым үшін маңызы өте зор болды. Себебі үлкен станция болғандықтан жан-жақты келіссөздер жүргізу қажеттілігі көп туындайды. Мұнда біз келіссөздер жүргізу негіздерін үйреніп, қызметкерлермен, басқа да бизнес өкілдерімен сауатты қарым-қатынас құра білу жолдарын түсіндік. Қызмет барысындағы түрлі жағдайларды шешу жолдары да сөз болды. Сонымен қатар көпшілік алдында сөйлей білу, адамдарға өзіңді тыңдата білу жолдарын да тренер практика жүзінде көрсетіп берді. Өзіңді қалай ұстап, сөзді неден бастап, немен аяқтау керектігін түсіндірді. Кинофильмдерден үзінділер көрсете отырып, әр ситуацияны талдадық. Қысқаша айтқанда, келіссөздердің 5 түріне шолу жасалды. Олар – іскерлік, саяси, тұлғааралық, медиативті және дағдарысты келіссөздер, – дейді Павлодар станциясы бастығының орынбасары Нұрсұлтан Екпентаев.

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды